Алдағы кездесуде чемпиондық жекпе-жек болады немесе WBO міндеттеген қарсыласпен өнер көрсетеді.
Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты
2,291
оқылды

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды. Бұл туралы боксшы өзінің Instagram  парақшасында мәлімдеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Жақында ғана Жәнібек Сиднейде жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-1, 13 КО) жұдырықтасып, оны нокаутпен жеңген болатын. Кейінірек WBO қазақстандыққа міндетті қарсылас ретінде британиялық Хамза Ширазды (21-0, 17 КО) белгіледі. 

 Кез келген жерде, кез келген боксшымен жұдырықтасуға біз әрқашан дайын болғанбыз, қазір де дайынбыз!

Қазақ стилін тарихқа қашап жазамыз, бұйыртса!

Мен үшін үлкен жекпе-жектер тек чемпиондық жекпе-жек!

Бізге чемпиондар керек! Төрт титул керек! Чемпиондар қашса, қорықса, олар чемпиондар емес! Ал ақша үшін бокстасса, ол – спортшы емес, бизнесмен! Мен әлі де келесі жекпе-жегім Адамес не Ларамен болады деп үміттенемін! Командам қазір үлкен келіссөздер жүргізуде. Егер чемпиондар келіспесе, екі титулды қайта қорғаймыз!

Бұйыртса, келесі жекпе-жегім ақпан айында өтеді деп жоспарлануда! Чемпиондық жекпе-жек болады немесе WBO міндеттеген қарсыласпен өнер көрсетеміз!

Маған сенім артып, жанкүйерлік жасап жүрген барша ағайынға көп рақмет. Екі титул қолда, екеуі жолда! Құдай қаласа, ертелі-кеш 4 титулды елге алып келемін!, – деп жазды Жәнібек.