Дзюдодан Қазақстан командасының өкілі Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде 3-орын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол 48 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.
3-орынға таласқан Әбиба германиялық Сара Ишті мерзімінен бұрын жеңді.