Ол өз салмағындағы кіші финалда отандасы Мағжан Шамшадиннен басым түсті.
Дәурен Сүйеукенов Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінің жүлдегері атанды
842
оқылды

Дзюдошымыз Дәурен Сүйеукенов (60 кг) Абу-Даби қаласында (БАӘ) басталған дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы жарыстың қола медалін жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.     

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, ол өз салмағындағы кіші финалда отандасы Мағжан Шамшадиннен басым түсті. 

Бұл – Дәуреннің Үлкен дулыға санатындағы жарыстағы 3-қола жүлдесі. 

Айта кетейік, Дәурен жұбаныш белдесуінде Камолиддин Бахтиоровты (Өзбекстан) ұтқан. 

IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері рейтингте мынадай ұпайға ие болады: І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.