Жоғары бақылаушы орган кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатынын айтқан, деп жазады Aikyn.kz.
"Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты 2024 жылғы 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.
Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды", - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін марқұмның отбасын полиция күзететінін жазғанбыз.