ЕУРО-2025 іріктеу турнирінің соңғы ойынында Қазақстан U21 құрамасы өз алаңында Шотландия U21 командасын қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Qazsport телеарнасының мәліметінше, Алматыда өткен ойын біздің ұлттық құраманың пайдасына шешілді, ойынның есебі 3:2.
Қазақстан U21 3:1 Шотландия U21
Айбар Абдулла 30' (1:0)
Миллер 61' (1:1)
Жұмаханов 66' (пенальти) (2:1)
Труфанов 74' (3:1)
Мюллен 86' (3:2)
Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО-2025 іріктеу турнирінде 10 ойын өткізіп, үш ойында жеңіске жетті. Осылайша жастарымыз іріктеуді 9 ұпаймен бесінші орында аяқтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.