8-10 қараша күндері Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында спорттық және жауынгерлік самбодан, сондай-ақ зағип спортшылар арасында самбодан әлем чемпионаты өтеді.
Самбодан әлем чемпионаты өтеді
www.instagram.com/oralsporty
224
оқылды

Тартысты додаға 80 мемлекеттен спортшылар қатысады. 6-7 қараша күндері командалар аккре­диттеуден өтіп, қонақүйлерге орналасады. Оқу-жат­тығу жиыны 25 қазаннан бастап, жарыс басталғанға дейін елордада болады. Ал оқу-жаттығу жиыны және дене дайындығы, спортшылардың күрестегі қабі­леттерін тексеру чемпионат басталуына 1 ай қалғанда Алматы қаласында өтеді.

Бұл жарыстың басты ерекшелігі – алғаш рет әйелдер арасында жауынгерлік самбодан, сондай-ақ зағиптар арасында самбодан (SVI1 класы – мүлдем зағиптар) жарыстар болады. Сонымен қатар әлем чемпионаты 2025 жылы Чэнду қаласында өтетін дүниежүзілік ойындарға қатысу үшін соңғы іріктеу турнирі болмақ.