Бұл туралы «Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Барыс» хоккей клубының бас директоры тағайындалды
Фото: hcbarys.kz
669
оқылды

Нұрлан Оразбаев «Барыс» хоккей клубының бас директоры болып тағайындалды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz аталған хоккей клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорының шешімімен Нұрлан Оразбаев «Барыстың» бас директоры қызметіне тағайындалды.

56 жастағы Нұрлан Оразбаев бұл қызметті 2006-2012 және 2013-2015 жылдары атқарған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.