Әлем чемпионаты 23 қазанда басталып, 3 қарашаға дейін жалғасады.
Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын әйелдер командасының тізімі жарияланды
Фото: olympic.kz
2,834
оқылды

Будвадағы (Черногория) чемпионатқа қатысатын әйелдер боксы бойынша жастар арасындағы Қазақстан командасының тізімі анықталды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлім етті, – деп жазды Aikyn.kz.

Әлем біріншілігінің жүлдесін алуға келесі әйел спортшылар таласады:

- Әнел Абдрасилова (48 кг-ға дейін)

- Елянур Турганова (50 кг-ға дейін)

- Бағжан Отынбай (52 кг-ға дейін)

- Аяжан Сыдық (54 кг-ға дейін)

- Аяжан Ермек (57 кг-ға дейін)

- Толғанай Қасымхан (60 кг-ға дейін)

- Аружан Жанабаева (63 кг-ға дейін)

- Ұлдана Таубай (66 кг-ға дейін)

- Мария Сидоренко (70 кг-ға дейін)

- Шұғыла Нәлібай (70 кг-ға дейін)

- Аружан Зейноллаева (81 кг-ға дейін)

- Панар Сейтханқызы (81 кг-дан жоғары).

Әлем чемпионаты 23 қазанда басталып, 3 қарашаға дейін жалғасады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.