Екатерина Токарева дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға таласта Екатерина Өзбекстан өкілі Муштарийбегим Авзаловадан басым түсті.
Ол жұбаныш финалында өзбекстандық дзюдошыны иппон ұпайымен жеңді.
Айта кетейік, Камила Берліқаш та дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.