Сайыста бірінші болып Харри Лаврейсен (Нидерланды) келсе, екінші орынды Джеффри Хугланд (Нидерланды) алды.
Кирилл Курдиди тректегі велоспорттан әлем чемпионатында үздік спортшылардың қатарына енді
Фото: ҰОК
563
оқылды

Тректегі велоспорттан Қазақстан командасының өкілі Кирилл Курдиди Буллеруптегі (Дания) әлем чемпионатында үздік он спортшы қатарына енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ол гит бойынша сәтті өнер көрсетті (1 000 метр). Осылайша. спортшы әлем чемпионатының финалына шықты. Шешуші раундта Курдиди жетінші болып келіп, нәтижесінде әлем чемпионатының үздік он спортшысы қатарына енді. 

Сайыста бірінші болып Харри Лаврейсен (Нидерланды) келсе, екінші орынды Джеффри Хугланд  (Нидерланды) алды. Үшінші орын Джозеф Труманға (Ұлыбритания) бұйырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.