Top Rank-тің басшысы Боб Арум жеңілмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жәнібек Әлімханұлы жақында Сиднейде өткен бокс кешінде жаңазеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта нокаутпен жеңген болатын. Содан кейін WBO қазақстандық боксшыға жаңа қарсылас тауып берді.
Бүгінде Qazaq style-дің командасы британиялық Хамза Ширазбен келіссөз жүргізуде. Промоутер Боб Арум Дэн Рафаэльге берген сұхбатында боксшылардың жекпе-жегі қашан өтетінін айтты. Ол Ширазбен келіссөздердің сәтті өтіп жатқанына сенімді екенін де атап өтті.
Арумның өзі британиялықтың промоутері Фрэнк Уорренмен жақсы таныс. Top Rank басшысының айтуынша, Әлімханұлының келесі айқасы ақпан айында өтеді. Боб Арум бұл жекпе-жек Джошуа мен Дюбуа арасындағы реванш аясында өтуі мүмкін екенін де айтты.
Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз 22 ақпан күні Эр-Риядта жұдырықтасуы мүмкін.