Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы жорығын ірі жеңіспен бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматыда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі басталды.
Футбол федерациясының мәліметінше, бірінші болып ойнаған ел чемпиондары «Семей» тарихындағы алғашқы еурокубоктық ойында португалиялық «Спортингке» 4:6 есебімен есе жіберді.
Семейліктер сапында ұлттық құрама ойыншысы Шыңғыс Есенаманов көзге түсті. Ойын күнін қорытындылайтын «Халадаш» – «Қайрат» ойыны алматылық команданың пайдасына 0:4 есебімен аяқталды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.