19 жастағы палуанымыз былтыр 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында бақ сынаған.
Лаура Ғаниқызы әлем чемпионатында үздік бестікке енді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
882
оқылды

Отандасымыз Лаура Ғаниқызы (50 кг) Тиранадағы 23 жасқа дейінгі санаттағы әлем чемпионатын 5-орынмен аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    

Спортты дамыту дирекциясы хабарлағандай, ол қола жүлде үшін белдесуде әлем чемпионы, жапониялық Уми Итодан жеңіліп қалды. 

Кешегі ширек финалда Ғаниқызы санаулы сəттер бұрын әлем чемпионы атанған америкалық Сейдж Рейн Мартимерге (22 жаста) есе жіберген. 

Айта кетейік, 19 жастағы палуанымыз былтыр 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында бақ сынаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.