Еркін күрестен Ұлттық құраманың екі балуаны Тиранада өтіп жатқан (U23) әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша, Алан Оралбек (57 келі) моңғолиялық, ал Ризабек Айтмұхан (97 келі) ресейлік қарсыласынан басым түсті.
Жартылай финал белдесулері 2 сағаттан соң басталады.
Өкінішке қарай, Ернұр Нұрғазы (70 келі) мен Жеңіс Қаныбеков (79 келі) ширек финалда сүрінді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.