Кеше 18 жастағы отандасымыз Лука Гвинджилияны (Грузия), Жигур Сарантуяны (Моңғолия) жеңіп, жартылай финалда үндістандық қарсыласына есе жіберген.
Алан Оралбек әлем чемпионатын 5-орынмен аяқтады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
599
оқылды

Алан Оралбек әлем чемпионатында жүлдеге бір табан жетпей тоқтады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, еркін күрестен 57 кг дейінгі салмақта Алан Оралбек Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан чемпионатында (U23) 5-сатыдан көрінді. 

Ол қола жүлде үшін белдесуде Юнус Явбаторовтан (Бейтарап атлет) жеңіліп қалды. 

Кеше 18 жастағы отандасымыз Лука Гвинджилияны (Грузия), Жигур Сарантуяны (Моңғолия) жеңіп, жартылай финалда үндістандық қарсыласына есе жіберген.

Айта кетейік, бұл Аланның 23 жасқа дейінгі санаттағы алғашқы әлем чемпионаты. Ол былтыр Қырғызстанда өткен Азия чемпионатында (U17-U23) топ жарған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.