11 жастағы спортшы қыз жеті матч өткізіп, оның бәрінде жеңімпаз атанды.
Үстел теннисі: Жания Бекмұхамбетова Мысырдағы турнирде «алтын» алды
Фото: ҰОК
437
оқылды

Үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілі Жания Бекмұхамбетова Исмаилияда өтіп жатқан (Мысыр) WTT Youth Contender турнирінде «алтын» еншіледі. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ол 13 жас категориясында үздік деп танылды. 

11 жастағы спортшы қыз жеті матч өткізіп, оның бәрінде жеңімпаз атанды. 

Айта кетелік, биыл тамыз айында ол Хорватиядағы турнирде жеңіске жеткен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.