Ержет Жарлықасын Албания астанасында өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының ақтық сынына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, бозкілем шеберіміз 63 кг дейінгі салмақтың жартылай финалында Садық Лалаевты (Бейтарап спортшы) таза жықты.
Биыл Бішкекте осы салмақта Азия чемпионы атанған Ержет финалда Нихад Захид Мамадлимен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, Жарлықасын осыған дейін іріктеуде Польша және Франция өкілінің жауырынын жерге тигізген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.