«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон ықпал етеді.
Сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Еліміздің тек батысында және солтүстік-батысында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады.
Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ болады.
Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, кей уақытта 28 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл, Батыс, Солтүстік, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі, жел 15-20 м/с артады.
Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін артады.
Күндіз Қызылорда облысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.