Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, күрес түрлерінен Тиранада (Албания) өтіп жатқан Олимпиада бағдарламасына кірмейтін әлем чемпионатында Ержет Жарлықасын ел қоржынына алғашқы жүлдесін салды.
63 келіде сынға түскен жерлесіміз финалдық белдесуде Әзербайжан өкілі Нихат Захид Маммадлиден есе жіберді.
Финалға дейінгі белдесулері:
1/8 финал.
Михал Трач 9:0
1/4 финал.
Стефан Рож Клеман 10:0
1/2 финал.
Садык Лалаев 8:0
Финал. Нихат Захид Маммадли
Алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысып, жоғары нәтижені тіркегенін атап өткен жөн.
Айта кетейік, 24 жастағы Ержет Жарылқасын 2024 жылы Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатында топ жарған еді
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.