Геннадий Головкин спортшыларға арналған үндеуінде 2028 жылғы Олимпиада ойындары бағдарламасында боксты сақтап қалуға басымдық беретінін атап өтті.
Геннадий Головкин: 2028 жылғы Олимпиада ойындарында боксты сақтап қалу үшін қолымнан келгенін істеймін
Фото: ҰОК
1,212
оқылды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссия төрағасы Геннадий Головкин Пуэблодағы (АҚШ) бокстан U19 әлем чемпионатының қатысушыларымен кездесті. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан ҰОК басшысы әлем біріншілігіне қатысып жатқан командаларға бейресми жағдайда қолдау көрсетіп, сонымен бірге жас боксшылармен естелікке суретке түсті. 

Геннадий Головкин спортшыларға арналған үндеуінде 2028 жылғы Олимпиада ойындары бағдарламасында боксты сақтап қалуға басымдық беретінін атап өтті. 

«Қазіргі таңда араларыңызда болашақ чемпиондар, Лос-Анджелестегі ойындарға қатысатын олимпиадашылар бар. Өз тарапымнан боксты Олимпиаданың жарыс бағдарламасында сақтап қалу үшін қолымнан келгенін істеймін деп уәде беремін.  Биікке ұмтылыңыздар,  мақсаттарыңызға жету үшін күштеріңізді аямаңыздар. Барлығына жеңіс және әлем чемпионатында жетістікке жетуді тілеймін», - деді Геннадий Головкин. 

Айта кетелік, Пуэблодағы әлем чемпионаты World Boxing  аясында алғаш рет ұйымдастырылған. Оған 30 елден 180 боксшы қатысып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.