28 жастағы жерлесіміз 2021 жылдан бері әлем чемпионатынан құр қол қайтпаған
Жәмила Бақбергенова – күрестен әлем чемпионатының 4 дүркін жүлдегері
Фото: ҰОК
533
оқылды

Күрес түрлерінен Тиранада (Албания) өтіп жатқан Олимпиада бағдарламасына кірмейтін әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова күміс жүлде иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, 72 келіде сынға түскен жерлесіміз финалдық белдесуде бірнеше күн бұрын ғана 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында 68 келіде ең үздік атанған Ами Ишиге (Жапония) есе жіберді. 

Финалға дейінгі белдесулері: 

1/8 финал. 

Эмилия Кречун 10:0 

1/4 финал. 

Адель Ганзличкова (Еуропа чемпионатының қола жүлдегері) 6:3 

1/2 финал. 

Болортуяа Зоригт (Азия чемпионы) 8:6 

Финал. 

Ами Иши 

Айта кетейік, 28 жастағы жерлесіміз 2021 жылдан бері әлем чемпионатынан құр қол қайтпаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.