Тәжікстанның Душанбе қаласында 25-27 қазан күндері самбодан спорт шеберлері арасында Әлем чемпионаты өтті.
Самбодан әлем чемпионаты өтті
179
оқылды

Дүбірлі додада маңғыстаулық 6 спорт шебері бақ сынап, 3 спорт шебері жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтар болсақ, ҚР самбо федерациясының бірінші вице-президенті, Маңғыстау облыстық олимпиадалық резервін даярлау орталығының басшысы Манарбек Бисекенов 79 келі салмақта қола жүлдеге, спорт шеберлері арасында Азия және Океания чемпионы Нұрлан Аманиязов 98 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болса, ҚР спорт шеберіне үміткер Мереке Бекешов 88 келі салмақта қола жүл­дені қанжығаға байлады.

Сондай-ақ халықаралық экстра-класс төреші маңғыстаулық Берік Жұмағалиев те Әлем чемпио­натында жеке марапатқа ие болды. 

Айта кетейік, аталған сайыста әлемнің 13 мем­ле­кетінен 35 жастан жоғары 350-ден астам спортшы, оның ішінде Қазақстаннан 90 спортшы күресті.