«Поэзия» номинациясы: Жетінші құрлық (төрттип)

Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы

Бүркеншік аты: Kobyz.saryn

 

Өлген күнге бағыштап, гүл қоямын.

Көше шамы сіңіріп түн бояуын.

Темекіні тезірек тұтатып ап,

көше кезіп келемін, мұңға оянып.

 

Түтін қосып жұтасың ойларыңды.

Қара қарға қарқ етті тойған үнді,

содан кейін сорлының қанаты құм,

содан кейін жинай қап бойға әлімді.

 

Қандай жақсы естімей қалатының,

көкірегімде көбік ой, ала тыным.

Тыныштықтың жұпары сағынған соң,

жүрегіңе көшірем қала түнін.

 

Қар дәміндей ой деген - кірсіз нүкте,

Аттанамын алысқа, бұл сіз күткен!

Өкініштен төгілер бұла жасың,

қара түндей қайғы мен үнсіздіктен...

 

***

Құрлықта жетінші жаңбыр жауып,

Шертілмеген күй өліп, даңғыр қалып.

Сағыныштан беймаза күдік билеп.

...Ең аяулы, ақ пейіл жан жүр нағып?

 

Сағынудың азабы мазалайды.

Жүрегімді тілімдеп жаза қайғы.

Сондай тәтті маxаббат шарабынан,

сүйіспеген ерінімді тазалаймын...

 

«Сақта құдай» -деймін де дұға қылып,

сол арудың сұлбасы ұнады, Үміт.

қалай айтам жүректің дүрсіліне?!

Қия алмайсың құмарлық тұр ағылып.

 

Сондай керім, сондай паң қылықты қыз,

Шыт көйлегін бақтарда ұмыттыңыз.

Әтір сіңген көйлекке гүл мен сенің,

жүзің сұлу көрінер шық үтті Күз .

 

Содан болар күзді де сүйетінім.

Тыңдайтыным құстардың ниет-үнін.

Содан болар ашқаным құрлығымды,

күз аңқыған тұман ғой киетінім...

***

Құрлығыма жетінші аттанамын.

құрығынан құтылып, жат қаланың.

Мейірімнен қаланған ұям қайда,

жүрегіме қалайша, бап табамын.

 

Жетіншідер құрлығым әппақ әлем.

Шектеспейді ол мүлде жат қаламен.

Атауын да, ғажайып бақтарын да,

шыңырауда құпия сақтаған ем.

 

Менің сол бір әдемі қалама кел.

Сұлулығы керемет,  таңы ала бел.

Өлең оқып бергенде күліп күні,

құстары да қошемет  - "жан аға!"дер.

 

Сені күтем сол жақта гүл құшақтап.

Келмеген соң келер күн бұлдыр әппақ.

Сүймеуім де керек ед сені бірақ,

екі әлемнің арасы тым жырақта...

***

Жаңбырдай өткінші сезім кіл,

мөп-мөлдір тұңғиық көзің дүр!

Жанарға сыймаған тамшы жас,

ғаламды шайқалтып сөз - ұңғы.

 

Жылауға болмайды сірәда.

шуақсыз күндерден түн ада.

Бесінші мұxитқа айналар,

күнәлі бастардан бұл ара.

 

Әже

Тәңір — әжем. ақылшы әжетайым.

Сізден басқа шын айтам мәуелі-әй, кім? 

Қара түнге ұмтылып сағынышым,

соқыр таным. Нұры да сөнеді айдың.

 

Періште — әжем. Ақ үлпек шылауышты.

Ғасыр зырғып. Күп-керең күн ауысты.

Кенезесі кепкен де ерінімнің, 

дауысым да талықсып құлады ішкі.

 

Хауа — әжем. Оюлы кимешекті.

…Өлім әні. Ібіліс биге көшті.

Сіз дегенде от бүркіп, жалын құшқам,

қоңырсытып отырмын күйген есті.

 

Ұмай — әжем. Сандал көк. Торғын пүліш.

Бұйда пышақ мерт болды көңіл тұңғыш.

Сөз — құдайын бауыздап құрым халық,

сіз кеткелі артым жар, алдым қылыш.

***

Жел өтінде,

белбақанның белінде уық — көңіл.

Түннен қалған қымыздай,

ерінім де қалтырап суық өмір.

 

Жұлым-жұлым

Құрым киіз жүрегім жел өтінде.

Қатты тоңдым әжетай,

…кеше түнде 

 

Туған өлкем…

түңіліктен үзілді кіндік бауым.

Қара түннен қаралы, 

мұң естіріп үздікті әр үн.

 

Көктей алмай, 

керегедей көңілді туған өлкем. 

Сағынуға, Тәңір-ау, табынуға, 

Бола ма екен барлығын құлға көркем?!

***

Дариға дәурен.

Құлап бара жатамын. Құлап бара.

Жас көмкерген тоңғақ — үн, жылап—дала.

Көмейімнен,

ең ащы әуез оянды құлақтана.

 

Дариға дәурен.

Бір сазды әуен шертеді жүрек қылын.

Естелікте ескірген күн өтті мың.

Ескі мақам,

қарашықтың жадына түнетті мұң.

 

Дариға дәурен.

Неге толқи бересің жарым көңіл.

Бұлқынысын қарашы жанын жегір…

Көлеңкеме бүктелген өткен шақты,

көбелектің көзінен сағынды өмір

***

Сынбай қалсын көңіліңнің әйнегі.

Қоңыр көзің жылауға да кекшіл шын,

кірпігіңнен төгіледі ой демі.

 

Сен білмейтін ең ауыр бір күнә бар.

Ол дейтінім: ғашық сезім, ақжүрек,

айтылмайтын басқа ешкімге шын адал.

 

Сені ойлауға болады ылғи шүбәсіз.

Өзің жайлы түс көремін түнімен,

оянамын бірақ сосын күнәсіз.

 

Саған деген сезімдерді құшақтап.

Ай арытып, күн сөндіріп,

бұлтқа сіңіп кетем бір күн түсі әппақ…

 

Жүрегіне жасырады кім нені?!

Құдайымыз көрмейтіндей екеуміз,

іштен жауып алайықшы түрмені…

Келістік!

***

Маза, күдік, күбір, ой.

Мүмкін сенің өлер күнің бүгін ғой.

Мына өмір қара құдық секілді,

батып кетсең шыға алмайсың түбінде, ой

 

Қамық,қайғыр, күйзел мейлі күйік шал.

Мына өмірді әлің келсе сүйіп қал.

Ойларыңда жұмыртқалап жатса өлең,

самғат бәрін жиып хәл.

 

Ойла тағы, қорық, шошы, түс жоры,

Өксік, шер мұң іш толы.

Кеңістікке самғат бәрін өлөңғып,

жол сап берер адасқанға құс жолы.

 

Құнық, шөлде, ой сұрап іш құдайдан.

Қобыз сарын көмекейде жылайды ән.

Жесір ойдың жетегінде жүргенде,

кімге барып, ақтарылып сыр айтам.

 

Айық,жазыл дерт билеген зауалдан.

Айықтырар санаулы өлең,санаулы ән.

Құдайыңа бармақ жалғап қол шығар,

мына өмірде жоқ болса егер табар мән...

***

Сурет салам.

Қыл қаламның ұшында күйреп ғалам.

Құдай кешсін, барлығын үйретті адам.

Өзім сызып тозақты, жұмақты да,

емін-еркін содан соң билеп барам.

 

Қыл қаламым.

Қолданамын өртенген күн-далабын.

Айғыздайды бейнесін мұң даланың.

Нәзіктікті өлтіріп өз қолыммен,

күйдіріп ап отырмын гүл-жанарын.

 

Ақ парағым.

Суретін сап беймәлім жат қаланың.

Содан кейін қалайша бақ табамын?!

Тағы да бір ғаламшар сызып көрем, 

сәтті шықса сол жаққа аттанамын.

***

Қараша түн.

Қара кемпір күбірлеп бал ашатын. 

Шын-өтірік аралас таласатын, 

Таласатын және де жарасатын 

Қараша түн. 

 

Қараша түн. 

Бал маxаббат шерттірген ғадауатын. 

Жұлдыз жауып,түнімен аспан жақтан, 

Бір мұңылық күбірлеп салауатын. 

 

Бір мұңылық күбірлеп салауатын, 

Міне де алмай тақымдап жадау атын. 

Қара сия, қара түн 

Жыр жаза алмай тықыршып асау ақын. 

 

Жыр жаза алмай тықыршып асау ақын, 

Оқтан қашқан киіктей басы ауатын. 

Сынық айға қарайды сағы сынған, 

Темір қазық бауыр бұлтты тасалауын. 

 

Темірқазық бауыр бұлтты тасалауын, 

Маxаббатын паш етпей ғадауатын. 

Ғашықтығын айта алмай Ай астында, 

Бір мұңлық күбірлеп салауатын.

 

Сыну

Айғай салғың келеді мұнарадан.

Көбік жырдың езгісі, жылаған ән.

Әлди-әлди жан бөпем, әлди бөпем,

өлім сондай тәтті ме құмар адам?!.

 

Ащы өзектен қысады кілгіп әуен

Боямалы ғұмырды қылғып әр өң

Шимай-шимай қолбаудың тігісіндей,

қиғаш қадам бесікте мүлгіп әлем.

 

Жыламаймын деймін мен жылауық жыр.

Тереземнің ішінен түн ауып тұр.

Ақ самайлы әжемді алып кеткен,

мені аймалап жұтардай бұла уақыт жүр.

 

Құлап барам басынан мұнараның.

Күйреп көмей шырқаңдар ұлар әнін. 

Ой күйсеймін күйіктен мұң жусатып, 

мен ғана ма осылай сынады әр кім?!

***

Жапа-жалғыз келеді ғұмыр кешкім,

Қыл бураулы қыл арқан күнім бес күн.

Айқайлағым келеді жар басында,

естімейді, түсінбей тілімді ешкім.

 

Жалғыз жүргім келеді қоғамнан тыс,

Сұм жандардан, мейірімнен тоналған түс.

Қатты ұйықтаймын қорқамын неден?

кімнен?

Үрейімнен шошынып оралған тұс...

 

Жалғыз кеткім келеді  әумесердей,

Құдай емес, Ей адам, әулие сендей 

Билеп-төстеп басасың тақымыңа,

Тым адасқақ емессің әлде есіңдей.

 

Жалғыз өлең жазамын өлмейтіндей,

Өлтіруге тіпті де келмейтіндей.

Сол өлеңде шындық бар, тылсым  да бар,

Сол ақынның шер-мұңын тербейтіндей.

 

Жалғыз өлгім келеді санамнан тыс...

    

***

Сенің иісіңнен әтір жасайын, жаңбыр тамшысын қосып.

Кемпірқосақтың түсімен бояп.

Жұпар аңқыған ғасырды құшақтап, өзіңмен бірге.

Ай саулесінен жарық ап, күн сәулесіне жылынып отырайық, менің мейірбан ботам! 

Сенің иісің сезім нүктелерімде билейді ылғи,

көңілді әуенің үнімен, ботам! 

***

Іңір.

Елес.

Ібіліс.

Көлеңкем,

Тыныстаған өз демім

Күбірлейді...

Өзгеше бір күй кешіп,

Іңір мейлі.

дұғасы да дуалы.

Жел- сыбызғы  мұң

Кеңістікте құс үні.

Өзен толқыны

қайғылы ән,

Қар барқыт бұлттар ұсынып,

Жердің көзі - аспанға

Моншақ-моншақ тамшысын ұшырып,

Ғаламға құлап әр күндер.

Мен мұң ішем тамшы толтырып

алақаныма.

Кермек-кермек ой жұтып,

миымның қан тамырларында.

Күнәмнің дәрісі ішіліп.

Жүрегіме аққу ұя салмаған,

Қарға-ойым тәңірсіз

шідерінен босанып,

еркінмін,- деп кезед әзиз сабыр қанымда.

Алысқа қараймын бүркіт көзімен

Томағамды алып,

Жанарымның от ізі табылмай...

Іңір.

Елес.

Ібіліс.

***

Қаспақ ойым  мақұлық. 

Ми түбінде күйеді.

Ағытылып тиегі,

айдан моншақ тағынып.

Құлағымның құрышы,

Сайтан әнін сүйеді.

Найзағайдың күркірі,

Ғарыш жақтың күлкісі.

Кемпірқосақ Әзірейіл нұр түгі

қома ғайлау құлқыны...

Кісінейді алыстан, періштемнің пырағы,

әкетердей міңгізіп, тозаққа не ұжмаққа.

Аспанның ақша бұлттары,

әкемнің тері илейтін иіндей

жұмыр басты малсам бір, 

тірі тұрған күйінде ей!..

Күн сөнеді амалысыз, қызыл-иірім пұшпақта,

тірліктің нілін сіңіріп

Кетер ме екем өмірден таппай миятты.

Темекінің күлі-ми тұқылы сияқты

Шоқ жұлдызбен тұтатсам өлең жазып үлгерем.

 

Еmpathy

Мен білемін,

көздерінде көмілген бір мұң барын.

Ол құшақтап көрген жоқ нұрдың дәмін.

Қос жанарын мөп-мөлдір жасқа бөгіп,

қойынынан ояна алмай түнгі ызғардың.

 

Мен білемін,

жүрегінің шым-шып боп сыздағанын.

көлеңкесін құшақтап мұз қаланың.

Көкжиектен күн көрсе жарық шашар,

іздеп жүрді өзінің ізгі амалын…

 

Мен білемін,

Жолдарынан адасып мұратынан.

Қарылықққан көмейден шүбатып ән.

Өксік ішіп күп-күрең вокал толы,

содан кейін көңілден құлады мән…

***

Ғалам — керім.

Жасқа малтып жатыр ма, жанар көгің?!

Алғашында «жүрегің» маған дедің.

Содан кейін, уақыттар сырғып ағып, 

махаббатпен ала ма, адам кегін?! 

 

Білмей қалдым,

Мен деп соғар жүрегің гүлдей марқұм.

Тояттаймын жұтып ап түндей сарқын. 

Көшесінен кездесең бұл Көкшенің, 

Таныс емес, талғамсыз кімдей салғың. 

 

Толса ақылым.

Саған деген тым алыс жол шақырым. 

Құлап жатыр кеудемнен жан — шатырым

Жылай қалсаң егерде ағыл-тегіл,

мен болайын өзіңнің қолшатырың. 

 

Өгей — ғалам.

Саған деген өлеңім көкмейде аман.

Тылсым сырмен құшақтап жебейді әр ән 

Алла сөзін оқимын құранымсың,

басқа неге сүйгенін теңейді адам.

 

I offer my heart to you

 

Қиялымның демінен жұлдыз жасап,

бұл әлемді етейін жарық ғалам.

Көнбес сірә қапасқа, тамұққа адам.

Жүрегімді ұсынам анық саған.

 

Қиялымнан жасайын айға мүсін.

Бұл әлемді қимаймын жалған үшін.

Ал, шарықта, үш биік арман құсым,

Не істейін тамұққа бармау үшін?..

 

Еш мәні жоқ қуарған томар - басым.

Таңдайымнан сүт нілі тоналғасын.

Тіршіліктің сүйреймін тағы арбасын.

Асап құшып өледі сан арманым.

 

Нәзіктігі  бұлақтың сыбдырындай,

мына әлем болған да деректі ұғым

Осы әлемге қанша ед керектігім?.

Ой іздеймін тырналап кенеп түбін.

 

Бұл әлемді сыйладым бір өзіңе,

шуақ шашсын тек саған жарық ғалам.

Жүрегімді ұсынып анық саған,

қиялыма жұтылып қалып барам...