ҚФФ Атқарушы комитет мүшелігіне «Қайрат» футбол клубынан Қ.С.Боранбаев алынды.
Қайрат Боранбаев Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі атанды
Фото: informburo.kz
1,054
оқылды
Отырысқа ФИФА мен УЕФА, ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері, аймақтық футбол федерацияларының делегаттары мен Атқарушы комитет мүшелері қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, күн тәртібінде ҚФФ Жарғысына өзгерістер мен толтықтырулар енгізу, қаржы есебін бекіту және ҚФФ Атқарушы комитетінің құрамын өзгерту туралы мәселелер қаралды. 

ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов 2024 жылы федерацияның атқарған жұмысы жайлы айтты:

«Маңызды шешімнің алдында тұрмыз: Қазақстанда толыққанды футбол бизнес-индустриясын құру. Мақсатымыз – кәсіби футболды дамытып қана қоймай, оның айналасында тұрақты бизнес құру. Бүгінде халықаралық практиканы біздің нарыққа ыңғайлап, өз нарығымызды құрып жатырмыз. Бұл білікті футбол мамандарын дайындап, сапалы инфрақұрылым, медиаөнімдер мен трансферлік нарықты дамытуды талап етеді. 

Мемлекет футболдың дамуына белсенді көмектесіп, оның қоғамдағы рөлінің маңызын мойындайды. Бұл ұлттың денсаулығына оң әсер тигізіп, қылмыс деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Соңғы бір жылда біздің салған инвестициямыздан қоғамдық қайтарым 536 миллион еуроны құрап, 1,8 миллиард еуроға дейін өсу мүмкіндігін береді.

Мемлекет басшысы ел бойынша ірі стадиондарды салуды тапсырды. Осы арқылы инфрақұрылым мәселелері шешіледі. Ал біз өз тарапымыздан 100% дайын болуымыз қажет», – деді Барменқұлов.

Бұдан бөлек, отырыста ҚФФ құрамына жаңа қатысушыларды қабылдау мәселесі қаралды.

Сондай-ақ ҚФФ Атқарушы комитет мүшелігіне «Қайрат» футбол клубынан Қ.С.Боранбаев алынды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.