Оқиға орнына келген соң қызметкерлер әйелмен сұхбаттасуға тырысты.
Шымкентте 1972 жылы туған әйел өзіне қол жұмсамақ болды
Фото: ТЖМ
699
оқылды

Шымкенттік құтқарушылар өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген әйелді құтқарып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Бүгін 112 пультіне 1972 жылы туған әйел тұрғын үйдің бесінші қабатында орналасқан пәтердің балконынан секіргісі келетіні туралы хабарлама келіп түсті. 

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары дереу жіберілді. Келген соң қызметкерлер әйелмен сұхбаттасуға тырысты. Алайда ол қызметкерлерді елемеді. 

«Құтқарушылар дереу құтқару шараларын бастады. Өрт сөндірушілер кіреберіс арқылы пәтерге жүгірді, жүргізуші төртінші қабаттағы пәтердің балконына автосатыны орнатты», - деді Төтенше жағдайлар министрлігінен. 

Осы уақытта көршілес тұратын 5-өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Талипов Алпамыс жүгіріп келді. Автосатымен көтерілген Алпамыс төртінші қабаттағы балконның жақтауларына тұрып, әріптестері пәтер арқылы балконға кіріп, оны құтқарғанша, әйелді төменнен ұстап тұрды. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында бір адамның өмірі құтқарылды. 

Құтқарылған әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram    арнасынан таба аласыз.