Бокстан Будва (Черногория) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Бексұлтан Боранбек алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
51 келі салмақта өнер көрсеткен Бексұлтан Боранбек финалда колумбиляық Джастин Мореноны жеңіп, чемпион атанды.
Әлемдік додада Бексұлтан Зимбабве, Молдова, Ресей, Иран боксшыларынан басым түсті
Бұл – Қазақстан қоржынына түскен бесінші алтын медаль.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.