Қазақстандық Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Венгрияның Сомбатхей қаласында болып жатқан WTT Youth Contender турнирінде қатарынан екінші медалін жеңіп алды. Бұл жолы ол 11 жасқа дейінгі санатта “алтын” медаль иегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Турнир барысында Жания Венгриядан келген Сара Сондиды 3:0, испаниялық Лора Урияны 3:0, украиналық Александра Бецті 3:0 есебімен, сондай-ақ испаниялық Джулия Фернандесті 3:1, Кармен Гоместі 3:0 және румыниялық Бьянка Томуды 3:0 есебімен жеңді.
Айта кетсек, бұған дейін Сомбатхейде Бекмұхамбетова U13 жасқа дейінгі спортшылар арасында үшінші орынды иеленген еді.