Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы
«Проза» номинациясы: Мен сені сағынамын, балалық...
311
оқылды

Бүркеншік ат: Раушан

 

МЕН СЕНІ САҒЫНАМЫН, БАЛАЛЫҚ

1

Күнәсіз күндер

Биылғы көктем тым жадыраңқы. Күн қызған сайын өткір нұрын мейірлене сімірген жусан мен әртүрлі гүл-шөптің жағымды лебі есіп, көңіліңді бірден желпіндіре түсетін. Бүгін де күн шайдай ашық. Есіктің алдында бір топ бала жиналып, мұғалім болып ойнап жүрміз. Сол топтың ішіндегі жасы үлкендері мұғалім болып , ал қалғанымыз оқушылары болдық . Мен өте тынымсыз едім.Міне, бүгін тағы да тынымсыздық қылығыма басып, қасымдағы баланың қаламына таласа кеттім. Мүмкін ол менің  жазушы болуыма керек қару қалам  екенін таныған шығармын.Бірақ менің қисынсыз қылығымды  жаратпаған әпкем жаныма келіп:

-Ол сенің қаламың емес қой, бер өзіне. Әкем саған да жаңасын алып береді,-деді. Мен тіпті де қасарысып айтқанына  көнбедім ,жоқ деп кенедей жабыстым. Айтқанына көнбеген соң, әпкем де қолымдағы қаламды жұлып алып, көз жасы ағыл-тегіл болып жылап жатқан балаға ұстатты. Сол-ақ екен, әпкеме ашуым келіп:

- Сен маған неге болыспайсың, әпкем емессің,-деп долдана жерден бір тасты ала салып, лақтырып жібергенде, бағдарсыз кеткен тас әпкемінің құлақ шекесіне тиіп, қан бұрқ етті де, талып түсті. Мылтықтың оғынан шошынған торғайдай өзге балалар да үрке қашып, жан-жаққа бытырап жоқ болды. Анам  қолындағы жұмысын тастай сала:

-Мына қызды өлтірді-ау, өлтірді-ау,-деп ойбай салып келеді. Мен анамның  бақырған дауысын ести сала, зәрем зәр түбіне жетіп қаша жөнелдім де, қақпаның сыртындағы қаумалаған ну ормандай біте қайнаса өскен қалақайдың артқы жағына барып тығыла қалдым. Анамның дауысы құлағыма анық жетіп жатыр:

-Орайтын дәке,мақта әкел,-деп жарақатқа қажетті заттарды ағама үйден алдырып жатыр. Менде өз істеген қателігімнен  қорқып «Болды,бітті. Анам осыдан әпкеме бірдеңе болсын, мені өлтіреді. Үйге қайтып оралмаспын. Әй, бірақ қарным ашса, не істеймін? Одан да анам қазір әпкем жанында есі шығып отырғанда, мен үйден жейтін зат әкеліп алайын» деп аяғымды   мысық көрген тышқандай  аңдып басып, үйге зып етіп тығылып кірдім де . Ас үйдегі үстелдің үстіндегі туралған нанды тездікпен жұлып алып, есікке қарай беттегенім сол еді, қолында таяғы бар анам да үйге кіруге сәл-ақ қалыпты. Менде  жалма-жан ас үйдің жанындағы көкөніс сақтайтын  ұраға түстім де кеттім . Анам:

-Әлгі қыз қайда кетті, әй? Жаңа ғана осында көрген сияқты едім,-деп әрлі-берлі жүріп мені таппаған соң, - Жә, онымен кешке қарай сөйлесермін,-деді де, әпкемді алып емханаға кетті. Мені бұл жолы  таяқтан осылайша көкөніс сақтайтын ұра құтқарып қалды. Мен өз-өзіме  рыза болып, ас бөлмесінен жақсылап қарнымды тойдырып алдым  да, есік жаққа беттедім , есік құлыптаулы бірақ мен ол кедергіге де тосылғам жоқ, терезеден  ары қарай  секіріп шығып, күннің ыстығынада қарамастан  , көшедегі балалармен ойнап жүре бердім. Күн еңкейе бастады. Балалар бірінен соң бірі үйлеріне қайтып жатыр. Балалардың бәрін жолға салып, соңында мен де тым болмаса үйдің жанына барып отырайын деп үйге келсем, есік әлі құлыптаулы екен.Содан соң жерге отыра кетіп, өзімше ойға кеттім:

 «Болды енді, осыдан анам маған ұрыспай, жай қояр болса, мен енді тынымсыз болмаймын  деп өз-өзіме серт бердім. Бірақ бұл сертті бергенім бірінші рет емес-ті. Бұрын бірдеңені бүлдіріп, үйдегілерден ұрыс естіген жағдайда: менің сіздерге керегім жоқ екен. Өле салайыншы,болды деп ренжіп, есік алдындағы бұлқан-талқан болып жатқан ағысы қатты қара суға барып, қасында ұзақ отыратынмын. Менің қылығымды көріп, үйдегілер «жан тәтті, өмір қымбат қой» деп мазақ қылып күлетін. Оған шыдай алмай, дәл қазір-ақ суға түсіп кететіндей шұлық, аяқ киімімді шешіп алып, суға лақтырып жіберіп, біраз отыратынмын да, ақыр соңында амалсыз үйге оралушы едім. Бұны бірнеше рет қайталадым, бірақ ата-анам енді аяқ киіміңді суға лақтырсаң, аяқ киім алып бермейміз деп қорқытатын ,бірақ оған тағы шыдай алмайтын ата- ана болған соң кім баласын жалаң аяқ қалдырсын   артынан арзандау болса да бір аяқ киім алып беретін. Мен де осылай ойыныма әбден көндіріп алғам.

Бір күні мені қыдыртып алып шықпақшы болды да, аяғымдағы арзан аяқ киімнен өздері жұрт көзінен  ұялып:

-Саған әдемі аяқ киім алып береміз, бірақ оны суға тастайтын болсаң, өзіңді қосып суға лақтырып жіберемін,-деді. Мен де құптаған болып бас изедім де:

-Енді  тынымсыз болмаймын тыныш жүрем  ,- деп уәде бердім. Бірақ тынымсыздықты тағы қайталап қойдым.

Ол күні әкемнің мектеп басшысы болғанын құттықтап үйімізге қонақ көптеп келген еді. Анам дастарханды тәтті тағамдарға толтырып, келген қонақтармен әбігерленіп жүргенде, мен қонақ бөлмесіне кіріп , тәтті бәліштерді қолыма  іліп алып, қомағайлана асап жатқанымда анам қырағы көзі көріп қойып, үйден шығарып алды да:

-Қазір қонақ жейді, қонақ кеткенсоң бәрі сенікі болады,-деді. Мен оған көнбей, бар дауысыммен бақыра жөнелдім. Келген қонақтар да:

-Бала ғой, ұрыспа, мейлі, жүре берсін. Жесін, қанша жейді дейсің,-деп бір апай өзінің жанына отырғызып алды. Анам ұялғаннан нарттай болып қызарып кетті. Мен апайға иек сүйеп алдым да, алдына  жайланып отырып, үстелдегі тәттілерден  қолым жетпегенін алдырып жеп, былғанып кеткен қолдарыммен апайдың көйлегін қайта-қайта ұстап қоямын. Анама көзімнің қиығын салып қарасам, «қонақ кетсін, сонан соң көресіңді көрсетейін» дегендей маған қадала қарап, қабағын шытып отыр. Мен көңіл-күйімді түсіргім келмеді ме, анам жаққа қарамай қойдым. Бір уақытта абайсызда қолым 1ли аузы ашық тұрған сусынды қағып қалып, үстел үстін аймандай қылдым. Алдына алып отырған апай да менен мезі болып кетті ме, білмеймін:

-Бара ғой,енді. Балалармен бірге ойнай ғой,-деп жібере салды. Отырайын десем де, ине шаншар жер жоқ,амалсыз үстел басымен қоштасып, қонақтардың артынан қысылысып жүріп әрең өтіп, сыртқа шыққаным сол еді, бағанадан аңдып отырған анам бас салып, білектен ұстап:

-Ұсталдың ба, бәлем,бақырғаныңды көрейін?!-деп барымталап әкеткен баладай қып, аузымды басты да, ас бөлмесіне апарып, арқадан бір салып жатқызып қойды. Мен тоқтаусыз жыладым, бірақ жұбатқан ешкім жоқ. Содан соң ойладым: -Мені үйдегілер жақсы көрмейді. Мүмкін, өтірік өліп қалсам, ұрысқандарына өкініп  жылайтын шығар деп, кинодан көргенім бойынша тілімді бір жағына салақтата қисайтып, көзімді жұмып, сұлап жатып қалдым.

Қонақтар да қайтты. Анашым әрлі-берлі қасымнан өтіп жүр.Бәрін сезіп жатырмын. Әкем, ағам, әпкелерім де бар. Бірақ мені жұбатып ешкім келмеді. Қонақтарды шығарып салып , артынан жайланып отырып, өздері шай ішті. Мен сонда қатты өкініп, енді тентектікті қайталамаймын деп, уәде беріп, олардың ортасына барып қосылдым. Сол берген уәдем тағы жайына қалды»...

 -Болды, бүгінгі берген сертім серт, ұрса да,соқса да анам келсе болушы еді, мен қатты қорқып отырмын,қас қарайып кетті ғой дегенше, көшенің шаңын бұрқ еткізіп бір көлік қақпаның алдына келіп тоқтады. Мен үйдің бұрышына тығыла қалдым.Әкем,анам және әпкем үшеуі көліктен түсті. Әкемнің өңінде ешқандай кірбіңдік жоқ , ашуланған кейпі блінбейді . Үнемі сотқарлық қылғанда құтқарып қалатын әкем ғой. Жүгіріп барып әкеме жармастым. Анам шоқты жанарымен жалт бұрылып, ашулы кескінмен :

-Ой, иттің қызы, әпкеңді өлтіріп қоя жаздадың ғой, -деп маған төніп келеді. Мен әкемді қалқан етіп, арт жағына жасырына ығыстым. Әкем жай ғана:

-Ешкімге ештеңе болған жоқ,  бұл әлі кішкене ғой, жасып қалады, тиіспеші болды! Мектепке барған соң ес тоқтатып, ақылды болып кетеді,-деді.

-Бұның қылығында қыз сиқы жоқ, ұл сияқты. Әбден жаман үйренді,-деп ұрсып бастағанда, қорадағы қоңыр бұзауым мөңіреп, анамның сөзін бөліп әкетті.

-Ойбай, сиыр қайда? Өзі келуші еді жайылымнан, бұзау аш қалды ғой. Не су, не шөп берілмеді,-деп бар назары қара ала сиырға кетті. Ал енді, бәріміз жабыла жан-жақтан сиыр іздеуге кірістік. Көрші-қолаңнан сұрастырыдық , көрген адам жоқ болған соң, ұры әкетті ме, жоқ біреудің шарбағына кіріп кетіп шыға алмай тұр ма екен?-деп тұспалдап отырғанда, қонақ бөлмесінен бір жойқын дауыс тарс ете түсті. Қонақ бөлмеміз өзіміз отыратын үйден ауаша салынған соның өзінде анық естілді. Содан жоғалды деп отырған сиырдың әңгімесі жайында қалып :

-Ойбай, үйге ұры түсіпті,-деп селт ете қалдық. Әкем есік көзінде жатқан бір таяқты жұлып алды. Анам да көршілерді шақырып, абыр-сабыр болып кетті. Бәрі жиылып алып, үйдің есігін ашуға батпай, сыртқы жағында құр айғай мен :

-Кім болсаң да, шық бері, полицияға хабарламай тұрғанда,-деп жерге таяқты ұрғыштап, жаумен ұрысқа шыққан жауынгер іспеттес аруақтың атын айтып аттан салғанындай, дауыстарын көтере :  «Кім екеніңді біліп тұрмыз, шыға сал» деп қояды. Бір сыпыра уақыт өтті. Дүрсіл басылды.

 -Ұры қашып кеткен-ау, не болса да кіріп көрейік. Егер тығылып қалған болса, біз көппіз ғой, ұстап алармыз,-деп құрсауы босап, асты жер тіреген ағаш есікті «сен аш та, мен аш» деп босағадан ары аса алмай тұрды да, бәріміз есіктен сыйғанымызша тең кірейік деп, есікті жұлып алардай тартқылап кейін қайырды да, анталап бәрі кіріп барып, қыран-топан  күлкінің астында қалды.Ұры дегеніміз қара ала сиыр болып шықты. Қара ала сиыр іште шкафтың бетіндегі әйнекті шағып, шкафта не бар соны шағылған әйнекпен қоса жеп, жағы бір талмай күйсеп тұр екен. Бәрі бір күлісіп алды да, үйден шығарды. Бір орында тұра берген қара ала сиырдың іші кеуіп кетіпті. Қимылдап әрең жүріп, есіктен шыққаны сол еді, гүрс етіп жығылып, қайтып орнынан қозғалып тұра алмады. Сол күні таңертең  анам сиырды сауып болған соң  маған:

-Әй, ана сиырды шарбақтан шығара сал,-деген. Бір қарағанда орнында тұрған сиыр «иә» деп үйден шыққанша, қайда кеткені белгісіз, жоқ боп кетіпті. Содан ойынға айналып кетіп, бүгінгі ана жағдайдан кейін үй-ішіміз абыр-сабыр болып, естері шығып жүріп, үйде не барын байқамай, бар есіктердің сыртынан құлыптапты да, әпкемді емханаға апарып, кешке оралғандағы оқиға осы болды. Қайран, бір ауылды сүтімен қамдап отырған қара ала сиыр, ішкен-жегенін қорыта алмай, алдына шөп салса, тойынғаннан оған да қарай алмай, үш күн, үш түн жатып өлуге айналған соң,  арам өлмесін деп адал пышаққа іліндірді. Байқұс қара ала сиырдың ішектері ұсақ әйнек үгіндісіне толып, тесіліп кеткен екен. Бұзауы мөңіреп, енесін іздеген сайын анам маған «осының бәрі сенің кесірің, бұзау қалды обал-ай. Сиырлардың ішінен таңдап алып қалып, қалғанын көкке шығарып жіберіп ем. Ақыры өлтірдің» деп маған ұрсады. Әкем мені жақтап:

-Қойсаңшы болды. Қара басты адам аман қалды ғой. Қалған бар бәле-жала қара ала сиырмен кетсін,-деп маған қарап жымиып қойды. Мен әкемнің аузынан шыққан жағымды сөзге сүйсініп, жабырқаулы көңіл-күйім жадырап сала берді. Эх,қайран сол балалық кездер-ай...

 

II

Бұрымдының қызығы

 

Біздің отбасымызда 7 жан иесі бар. Әжем, ата-анам, екі әпкем, ағам және мен. Мен үйдің сүт кенжесімін. Әжем кең көйлегі жалпылдап, ақ шылауышы желбіреп, бәрін ойлы көзімен шолып қарайтын дана, кең пейілді, жасы егде тартса да кәрілік жеңе қоймаған әлі тың адам еді. Әкем оқымысты, олай дейтінім, бос уақытын жібермей кітап оқитын.Тіпті түнде де бәріміз ұйықтап қалған уақытта бөлек бөлмеге барып алып түннің бір уағына дейін көзін сығарайта кітапқа телміріп отыратын әдеті бар-ды. Бұл қылығына анам:

-Жоғарғы оқу орнына емтихан тапсыратын оқушыдай жүресің. Күндіз оқысаң да жетеді ғой,-дейтін. Бірақ ауру кетсе де әдет кетпейді екен. Әлі күнге дейін солай. Өзі кітап оқығаны үшін де « Бізге де сол жолды ұстандырғысы келеді »хат танып мәтін мазмұнын түсіне бастасымен бәрімізді кітап оқитын үйге жиып алып деңгейімізге қарай бір бір кітапты ұстатып қоятын. Маған кітап жақын сырласыма айналды,ал ағамдар қызығушылық таныта қоймайтын,тіпті ұйқылары келіп маужырап, даладағы ойнап жүрген балалардың даусына құлақтары елеңдеп терезеге қайта-қайта телміруші еді.Бұны бізден басқа ермегі жоқ әжем байқап,әкеме балаларды жіберсеңші еркіне балалармен бірге ойнап бала құсап ержетсін бақытты балалық шағын сезінсін дейтінді.Бірақ әкем әжемнің көңілі үшін жарайды дейтіні болмаса көбінде өзімен бірге отырғызып қоятын.Әкем бізге қандай боласа оқушыларына да сондай жауапкершілікпен қарайтын үлгілі ұстаз еді. Ал анам қолөнермен айналысатын. Кесте, құрақ, тоқыма сықылды өнерлерімен-ақ әкеме сеп болып кіріс кіргізетін. Мінезі шапшаң, ашуланса бұрқ етіп шаңы шығып, бір демде су сепкендей басыла қоятын. Ал мен алдыңғы толқын аға-әпкелеріме қарағанда мүлде бөлекше өстім себебі : талғамымыз болсын, қызығушылығымыз болсын олармен сәйкес келмейтін , Олар жаратылыс пәндеріне қызығушылық танытатын,математика есептеуге келгенде алдарына жан салмайтын. Ал мен керісінше көркемөнерге би ,ән, күй, жазып сызғанға бейім болдым. Бұндай өнер жағы нағашыларымнан дарыған ба депте ойлаймын , нағашыларымның  өздері бір ансамбль еді . Сондықтан нағашы жағыма барсам болды «өзімізге тартқан» деп мені жақын тартатын. Ал үйде кенжесі болып, екі ортада ерке өстім.

Ес біліп оқуға кіргелі бері математика, әйтеуір есеп-қисапқа қатысты пәндер мені қызықтырмайтын , бірақ бірінің арты болсамда ,бірінің алдында едім.

Бір күні математика пәнінен беретін апай емтихан қағазын таратып жатып маға тігіле қарап :

-Өзің математика пәні мұғалімінің қызысың ,алған баллың мынау, не шығарғансың имай-шимай. Осы мектептің концерті сенсіз тоқтап қалатындай бір мерекелік іс шара өткізе қалса болды секеңдеп билеп , аңырап ән салып жүресің , бүйтсең сабақты кім оқиды , сабаққа қатыссыз бірдеңелерге желп етіп жүрсің , математика маңызды пән,  кейін кім боласың оны білемісң?!- деді. Мен тырнақтарымды шұқылап, аз кідірдім де, «жазушы болам» дедім. Апай мырс етіп күліп, сырт айналды да:

-Немене сен бір екі жазған мақала әңгімеңе бола  Мұхтар Әуезов, Мұқағали болайын деп жүрсің бе, тым күлкілі  бәрібір бола алмайсың. Орынсыз қылжақты қой. Одан да босқа сенделмей, миыңды істетіп сабағыңды дұрыстап оқып ал, жазушы болам деуін қара мынаның. Одан не жазып, не табасың? Ондай өнер саған ақша тауып қарныңды тойдырмайды -деді. Сыныптағылар күлкіге қарық болды. Мен қатты қызарып ұялып кеттім де, есікті серпе ашып жүгіріп шығып кеттім. Апай да соңымнан айғайлап жатыр.

-Бұл не қылғаны? Алдында ұстаз тұрса да, көзге ілмей шығып кетті. Енді қайтіп келуші болма, көргенсіз,-деді. Мен ұзағынан  ұзап, ағыл-тегіл боп жылап, үйге кіріп келдім. Мені көрген әжемнің шайдай ашық өңі қуарып:

-Не болып қалды? Бір жерің ауырып тұр ма шырағым ?-деп сұрап жатыр. Ал анам қабағы түсіп:

-Әй, осы қыз бүгін тағы бірдеңені бүлдіріп, өзі сөгіс естіп келген түрі ғой,-деді. Мен «жоқ» деп, бастан-аяқ не болғанын айтып шығып, енді математика сабағына қатыспаймын әкемнен үйренем дедім . Анам тұрып:

-Бәсе, айтқаным айдай келді.Осы қыз-ақ бірдемені бүлдіріп жүреді.  Апайыңның айтқаны дұрыс. Сен емес ана әкеңнің оқымаған кітабі қалмаған шығар әкең не үшін жазушы болып кетпеді,кішкене бола тұра арманшылын өзінің ,кім болатыныңды алдағы уақыт шешеді. Бармаймын дегенді қой, дұрыстап оқы,- деді. Әжем ғана мені құптап, басымнан сипап:

-Қызым, әрине апайыңның айтқандарымен мен  келіспеймін. Әркімнің арманы болады. Сен апайыңның бір ауыз сөзіне бола жасыма. Қандай да болмасын, жазған әңгімең керемет болып кетпесе де, ол ішкі жан-дүниеңнің бұлқынысынан шыққан перзентің іспетті. Жазушылықтан не табасың дегеніне келсек, әдебиет деген көркем дүние, ол саудаға айналдырар бизнес емес. Сен түкке тұрғысыз атақ,үшін қанша тырмысып жазсаң да, ол ғаламат шығарма болмайды. Ол тазалықты, шынайылықты қажет етеді.Шығармаң жақсы болса ол әрине бағаланады.Сол үшін ізденуің керек. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» дегендей біреудің сөзі үшін өзіңді тұншықтырма. Бірақ қазір сенің білім алып, оқу оқитын кезің. Басқа сабақтарыңнан да қалма, тең алып жүр,-деді. Мен сәл де болса жеңілденіп қалдым. Отбасымда  бір адам болсын, қолдаушы тапқаныма қуандым. Ал әжемнен басқасы баса беруші еді. «Басқа балаларымызға ұқсамайсың,әйтеуір бір жағымсыз қылық шығарып жүресің» деуші еді. Сөйтіп өзім әрең жағып  жүргенде тағы да ата-анамның көңілін қалдырдым. Әуелі менің кесірімнен мектеп бастығынан сөз естіп, қай-қайдағы біреуге көздерін де шұқытым. Ол мына жағдайдан кейін еді:

Қыс мезгілі болатын ,  Салқын ауа. Аппақ тонның қатпары тәріздес қарлы дала көсіліп жатқан. Мен бір түн тоқтаусыз жауған қарға малтығып, мектепке қарай әрең келе жатсам, сыныптасым да соңымнан келіпті.

-Эй, Мұхтар Әуезов болатын қыз,-деп мазақтап қарқылдап күліп, қарға шалып жіберіп, мен қарға екпетімнен оңбай түстім. Артынша менде қарап тұрмастан, көбік қарды екі қолыммен уыстай алып, арақкештердің жолда қалдырған арағының бөтелкесін жол бойындағы дуалдың сыртына бір қойып шақтым да, қардың ішіне сынған әйнекті араластырып салып, қатты қылып домалақтап алып, сөзге айналдырып өзіме қараттым да, бетіне қарай атып қалдым. Домалақтанған қар оң жақ бетіне тиді де, екіге бөлініп түсті. Ал әйнек томпақ бетіне қадалды да қалды. Қан судай аққан бетін екі қолымен басып, жылаған күйі мектепке кіріп, директор бөлмесіне бір-ақ тартты. Мен қатты қорықтым. Үйге кетіп қалмақшы болып қақпаға қарай кері бұрыла бергенімде қырсыққандай сынып жетекшіміз математика пәнінен сабақ беретін Жанар апай шығып қалып:

-Есің дұрыс па сенің? Кері кетіп бара жатырсың ғой. Сабақ қайда, сен қайда? –деп қадалды. Ұсталған жерім сол болды, амалсыз сабаққа кірдім. Үй жұмысын да жасамай барғам. Жаңа ғана бүлдірген ісім анау. Басыма ақырзаман төнгені осы болды деп отырғанда, директор беті жара-жара Нұрланды ертіп кіріп келді де, оны сынып жетекшіге қосып дәрігерге жіберді. Ал мені өз бөлмесіне шақырып алып, жарты күн бойы ұрысып тұрғызып қойды. Ата-анамды шақыртты. Қатты ашуланған директор:

-Не деген бассыздық, өзіңізде бір мектептің тұтқасын ұстап отырған адамсыз бізге кімнің баласы екені маңызды емес, тәртіп бұзса бәріне қолданатын шара бір оған ренжімеңіздер. Қыз бала осындай іс-әрекетке баруы дұрыс емес қой-деді .Әке-шешемде үн жоқ, ұялғаннан жерге кіріп кете жаздап отыр. Бір уақытта Нұрланның әкесі алқам-салқам болып, долданған теңіздей буырқана әкемнің көзіне шұқып:

-Осыдан баламның бетіне бір сызық тыртық қалып көрсін, әлі-ақ көрсетем мен сендерге, -деді. Екі ортада директор басу айтп жүр.

-Болды, бала ғой. Әлі еттері жас. Жазылып кетеді,-деп жүріп әрең жолға салды. Мен әке-шешемнің отырыстарын көріп, қатты азаптанып кеттім. «Енді ешқашан ешкімге сөйлемеймін, мейлі мені ұрып өлтіріп тастаса да, мен оған қарсы келмеспін» дедім. Анам сабырсызданып, сол тұрған орнында ұрысып тоқтамады. Қайтсін енді, менің қылықтарым жандарына батып кеткен ғой. Ал әкем сабырлы болғандықтан, көп алдында жасытқысы келмеді ме үндемеді. Үйге келген соң, әңгіменің үлкені басталды. Әкемде мүлдем ашу жоқ деп еркелеп , керісінше анамнан именіп жүруші едім . Ол ойым қате болып шықты. Бірақ әкем ұрған жоқ, ұрысқан жоқ, тек бір ауыз сөз арқылы жөнге салды. Содан менің мектебімді ауыстырып жіберді де, интернат-мектепке апарды.

 Ал енді жаныңда ата-анаң жоқ, күнде бәрін дайындап беріп, еркелетіп отыратын. Өз күніңді өзің көріп шынығады екенсің. Ол жерде өте қатаң тәртіп болды. Ұйықтап жатқан орныңнан күнде азанда сағат бесте жұлып алады: бірінші жүгіреміз,таңғы жаттығу жасаймыз, екінші ретке тұрып, асханадан тамақ алып тамақтанамыз, оның үстіне күнде тазалық деген бәле бар. Басыңнан аяғыңа дейін тексеріп шығады, сәндік бұйым тақтырмайды.Тырнақ , шаш , Киім киісіңнің реттілігін тексертіп барып ,сыныпқа кіресің.солардың бірі дұрыс болмаған жағдайда біттің дей бер , бірінші сөз естисің , екінші баллыңнан тартады , үшінші тиісті жазаңды алып  шытрабыңды төлеп , сол күнгі сынып тазалығын істеу сенің мойныңда болады  . Ал оқу тәртібі  Кеш батқанша оқисың. Орталықта түскі үзіліске бір сағат, кеште кешкі тамақтанып алуға бір сағат береді. Содан соң қайта сыныпқа жинап алып, сол күндегі өтілген сабақтардың үй жұмысын орындатады да, сағат тоғызда жатақханаға қайтарады. Жарықты сөндіріп, сағат онда ұйқыға кетеміз. Күнделікті осындай тіршілік, өзгеріс жоқ. Емін-еркіндікке үйреніп қалған мен бастапқыда көндіге алмай, қиналдым,жыладым . Кейде азда болса өзіме бос уақыт бөліп жақсы көретін ісіммен айналысқым келіп өзімді мез ететін математика сабағынан  кетіп қалудың айласын жасап, саусағымның буынынан скотчпен қатты қысып орап тастаймында, қан толып ұйыған жағын циркөлдің үшімен  аз тіліп жіберемін де, мұрныма жағып-жағып қойып,мұрнымнан қан ақты деп шығып кетіп кітапқанаға келіп өз қалаған авторларымның кітабын оқып отыратын ем . Бірақ бұл айлам ұзаққа апармады, оған парталасым кінәлі. Онымен қақтығысып қалған едім. Бұл әрекеттерімді одан басқа жан пендесі сезбейтін. Апайға бәрін жіпке тізген маржандай қылып айтып шығыпты.Оны естіген апай шамданып  мені шақырып алып:

-Оқығың келмесе, оқымай-ақ қой, не бүлдіріп жүрсің сен өзі , біздің ерке шолжаңымыз емессің мынау мектеп, келгің келсе келіп ,кеткің келсе кетіп жүретін  жер емес,  Мектептің  тәртібін білесің. Ата-анаңды шақыртып айтайын, басқа мектепке апарсын,-деді . Мен бірден зәрезеп болып , менің ата -анамды шақырса біткен жерім осы болды , мені осы мектепке алып келіп тындым болғанда ,  және үмітсіздендіретін болдым , басқа мектепке апарса енді қай мектепке апарады ? қайта бұрынғы мектебіме апарып тастаса қайтем , ол жерде бажылдап шажылдап жүретін Жанар апай бар ғой , кейде ойлап тұрсаң қызық , әдеби шығармаларда бір шығарманы жазып алып қайта қарап қанша жерден қайталай өңдеп өзгертсеңде бола береді көркемдігінен таймайды , ал математика есеп қисапты бір шығарып шығындысын шығарған соң қайталап  өзгертіп шығарсаң, басқа шығару жолын білмесең  көбінде қате болып шығады ,сол сиақта математика мұғалымдері де өз пәніне тартып кеткен бе білмейсің ? Қит етсе болды ,бірден  ата- анаңды шақырам , бұл мектептен әкетсін деп шыға келеді , ал енді мына апай да солай , не болсада Жанар апайдың алдына қайта бармай ақ қояиын ,барған  мектебіне  симай  тағы келіпті ғой мына қыз деп құлағымнан қиқу кетірмейтін  шығар оданда мына апайға жалынсам да осында қалайын деп шештім , себебі бұған Жанар апай ғана себепкер емес . Бұл мектеп қаншама тәртібі қатаң болса да, Менің қызығушылығыма ,арманыма жебеу болып қолдап қуаттайтын ағай-апайлар көп болды. Сол кісілердің арқасында өзімнің өсетінімді сездім.Әсіресе тірнектей дүниемді таудай қылып көрсетіп шабыт беріп отыратын ды. Және жақсы араласатын құрбыларым да көп болғансоң үйренісіп қалғам. Сол үшін де басқа жаққа кеткім келмейді.  Ата-анамның да көңіліне су сепкім жоқ .Осы төрт түрлі себеп арқылы апайға жалына бастадым , апай енді қайталанбайды , апайда Жанар апайға қарағанда бір есептің бірнеше шығару жолын білетін сиақты ,бір жолдан жоқ демей, осында қалуыма орай берді .   Осылайша тоғызыншы сыныпқа дейін осы мектепте  оқып бітіріп, балалық күндерімнің көңілді де қызықты елестеріне сан мыңдаған білім иегерлерін тәрбиелеп отырған мектебіммен қоштастым.

Осы оқуды бітірген жылы еркелетіп отыратын әжеммен де мәңгілікке қош айтыстым. Үйдің бұрышында әжеме арналған төсек бар еді. Соның қаңырап қалғанын көргенде, көңілім құлазып, көз жасым екі өңірді жуатындай ағыл тегіл ағатын . Кейде әжемдей ақ шылауышты әжелерді көзім шалып қалған да, өз әжеме ұқсатып, қасыма келгенін күтіп ұзақ тұратынмын. Өз әжем еместігіне көзімді  жеткізіп, қайта қайтатынмын. Ең алғаш әріп танып кітап ашып оқи бастағанда, «балалар ертегісін» әкеліп беріп, өзім оқиын десем көз жетпейді бұлдырап  «мен тыңдайын, сен оқы»деп оқыта беретін. Осылай менің кітап құмарлығымды арттырған және сыныптастарыма қарағанда жылдам оқуға жетелеген әжем еді.Әжемнің ақырғы арманы да сол – мені бір жетістікке жетіп, шығармашылық жағынан биік белеске көтерілсе деп күткен. Бұл өмірден қоштасар сәтінде де атымды атап жатып көз жұмған екен. Өз құлағыммен ақырғы үнін естімегеніме қатты өкінемін...