Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы
«Балаларға арналған шығарма»: Балалық шағымның бастауы
224
оқылды

Бүркеншік аты: Balakyz

 

Балалық шағымның бастауы

 

Ерте,  ерте,  ертеде  тарихы сыр шерткен  көне бір ел болыпты. Адамдары  аңқылдақ, халқы сондай мейірімді  елдің  ішінде   тек бірлік пен ынтымақ  болған   көрші   елдер    таң қалатын  аймақ екен. Адамдары бір - бірімен тату бірлікте күн кешіпті. Бұл елдің ынтымақты ырысты  бай қуатты аймақ екеніне барлығы қызығыпты. Елдегі барлық  отбасы парасатты өте ұқыпты жандар болыпты. Сол  елде  туып  өскен небір  ақын  жазушылар,  жырау мен толғауды  дөп  басып айтатын ақылғөй  даналар болған  екен. Батырда да туған ақын да туған бұл шаһардың тарихын жазатын қаншама ғалымдармен жазушылар шығыпты. Сол елдің бүтін бір ауылында қарапайым ғана бір отбасы бар екен. Сол отбасының қызының басынан  кешкен  қызықты  оқиғалары мына  әңгімеде  баяндалыпты.

Ауылдың   жұпар   аңқыған   ауасын  бала  кезімнен  тыныстап  өскен  менің  балалық  шағымның  аспанында   небір  қызықты  шақтар  өтті  десеңізші.  Ақындар  жырға  арқау  еткен,  жазушы  қаламына  тақырып  болған,  менің  ауылым  ол  менің  туған  өлкем.  Ауылдың  ақсақалдары  туған  өлкеміздің  көркемдігін,  киелі  құтты  орындарын  жиналған  жерлерінде  үнемі  айтып  отырушы  еді. Туған  жер  адам  баласы  үшін  ең  қымбатты  жер,  кіндік  қаны  тамып, тәй-тәй  басқан  алғашқы  қадамының да  куәгері  сол  аймақ. Біздің  ауыл  жері  шүйгін  төрт  түлікті  өсіруге де  қолайлы  аймақ  болатын. Ертеректе  әжемнің  әңгімесін  тыңдап  өскен  менің  дәл  күні  бүгінге  дейін  сол  аймақтың  көрінісі  көз  алдымда.  Таң  азанмен  ерте  оянған балалық  шағымның  есте  қалар  тәтті  күндерінің  бірі  осы десем  артық  болмас.  Бірде  үлкен  атамыз  біздің  есік  алдында  өсетін  жүзім  ағаштарымызды күтіп  баптап  оларға  су  беру  керектігін  тапсырма  етіп  берген  еді. Сол  тапсырма  біз  үшін күн  тәртібінде  тұрған  бірінші  мәселе  болатын, себебі біздер үлкенннің айтқанын екі етпей  орындайтын  бала  болып  өстік.

Мен  үйдің  төл перзенті  болдым,  өзімнен  ерген  іні  сіңілдерімнің  бүкіл  жағдайын  жасадым  десемде  болады. Сабақтарына көмектестім,  киімдері кір болса оларды жуып тазалап,  жейделері жыртылса жыртылған жерін  тігіп беру менің  еншімдегі жұмыстар болатын.  Ал  атамның:  «Жүзімді  күтіп  баптасаңдар,  тәтті  жемісін  әуелі  сендер  жейсіңдер!» -   деген  сөзі  құлағымнан  кетер  емес. Біз   бауырларымызбен  есік  алдындағы  азын - аулақ  егістікке  егілген  бақша дақылдарын  күн  түн  қарап  үлкендердің  айтқанын  екі  етпейтін  тіл алғыш  бала  болдық.  Бірде  сол  бақшаның  жұмыстарымен  жүрген  мен  өзімнен  кейінгі  інімнің  сол  бақшаның  қақ  ортасында  жаңадан  отырғызылған  қияр  көшеттерін  аяқтарымен  басып  тастағанын  байқап  сары  уайымға  салындым ау

- Асеке,  мұның не,  мынау  Қуанышбай  атамның  күні  кеше  базардан  сатып  әкеліп  отырғызған  көшеттері  еді. Ал,  сен  бұларды  аяқтарыңмен  таптауың  дұрыс  әрекет пе!  Не  істедің,  қәзір  атам  көрсе  саған  ренжейді ғой  қалайда  қалпына  келтіруіміз  қажет.  Қәне  бері кел – деп  әлгі  жердегі  барлық  бүлінген  қиярдың  ұяларын  жөндей  бастадық.    Менің  шын   ықыласпен   кірісіп  жатқан  түрімді  көрген туған  інім маған  бұрылып  қарап:

-  Тәте,  менің  бұл  қылығым  дұрыс  болмады ау,  расымен де  атама  менің  бұлай  жасағанымда  айтсаңыз  атам  маған  енді  бұл  бақшадан  бір де  бір  жемісті  бермейтін  шығар.  Атама  болған  жайды  қалай  айтасыз? – деп  түрі  жабырқаулы,  қабағы  түсіңкі, ат құйындап  ойнап шалқып жүрген  інімнің  түріне қарап  өтірік айтуыма  тура  келді.  Егер  де  мен  «Ия,  ешнәрсе  айтпаймын,  қорықпа»  дейтін  болсам  інім  екінші  мәрте  тағы да  қайталар  деп  ойладым. Сосын  бір  ой  елегінен  өткізіп  алдым дағы:

-  Ия, атама  сенің  бүлдіргеніңді  айтамын,  бірақ  екеулеп  жайлап  көшеттерді  қалпына  келтіргенімізді  тағы да  айтамын,  атам өте  ақкөңіл  баланы әсіресе немересін жанынан  артық жақсы көретін абзал жан, сондықтан  екеумізге де ұрыса қоймас – дедім.  Інім сонда  да  болса  жүрегінде  уайым  бар,  себебі  атамның  ең  жақсы  көретін  баласы,  егер  атам оған  қатты қату қабақ  шытса  інім  ондай  әрекетті  көтере  алмас.

           Біз  інім  екеуміз  бізге  тапсырылған  бар  шаруаны аяқтап,  бүлінген  көшеттерді  реттеп,  қол аяғымызды  жуып  түскі  ас  ішеуге  үйге  қарай  кірдік.  Анам  түскі  астың  қамымен  бесікте  жатқан  үйдің  ең  кенжесінің  тамағын  әзірлеп  біздің  кіргенімізді  де байқамады.  Ал  інім  болса  атамның  не дер  екен  деген  жауабын  ойлап  үлкен  бір  уайыммен  тұр. Асықпай  теледидар  алдында  үйдің  қақ  төрінде  жайлы  төсегінде  бір  қолымен  шынатаққа  жастығын  тіреп,  асықпай  баппен  сөйлейтін  атамның  сол  кезде  не  айтар  екен  деген  сөзі  бойымда  бейне  бір тылсым  күштің  бейлеп жатқанын басымнан  өткерген тек мен ғана сезінермін. Қасымда  атамның  не дер екен  деген  сөзін  тыңдауға  менімен бірге еріп келіп тұрған бауырымның  ішкі  жан дүниесін  мен ол  кезде  көз  жанарынан ақ сезген едім. Өйткені  біздің  отбасында  үлкенді  сыйлау,  үлкеннің  айтқанын  қылу  ең  бірінші  орында  тұрған  мәселе.

-Ал,  балаларым  менің  бақшада  қалай  жұмыс  жасайтынымды  күнде көріп  жүрген  боларсыңдар!  «Еңбектің  наны  тәтті,  жалқаудың  жаны тәтті»  еңбек  еткен  адам  сол  еңбегінің  тәтті  балдай  жемісін көреді. Үйренгенің  өзіңе  жақсы,  жұмыс  тындырғаның  маған  жақсы. Менің  еңбекті  жоғары бағалайтын бойымда ең асыл қасиет бар. Сондықтан болар мен әрдайым сендерге  еңбек етудің қыр сырын айтудан еш шаршаған адам емеспін. Ал бұзылған нәрселер орнына келіп оның дұрыс өсіп кетуі үшін екеулерің тыным таппай әп сәтте  көшеттерді  реттегендеріңді көріп іштей қуандым. Бірақ... - деп атам арғы сөзді айтпай екеумізге қарап ұзақ ойланды. Менің бар ойым  маған неге қарамадың десе не дермін деген ой санамды билеп ішім алай дүлей болған түрімді атам сезгендей

-  Қызым  ендігі жерде ертең өздерің жейтін бұл қиярларға жөндеп қарау енді сенің жұмысың! Асекең   бауырыңа  айтып түсіндір, екеулеп күнде  бақылап жүріңдер  өсіп  сабақтары шығып  кетсе  нұр  үстіне нұр болар балам - деді де басын  ары қарай бұрып, қолына теледидардың басқару құралын алып «Хабар» агенттігі  ұсынатын бағдарламасын көруді жалғастырды.

Ал біз інім екеуміз түскі асымызды  ішіп мектепке  баруға  жинала бастадық. Мектепке   барар  жолда   ұзақ ойландым, атамның өте көреген сабырлы мінезіне іштей  риза болдым. Себебі   мұндай сабырлы, салмақты  мінез  менің  атамда ғана бар деп іштей өз өзіме  мақтаныш сезіммен қарап келемін.

Адамның  жақсы адам болып қалыптасуы  ең  әуелі  өсіп өнген  отбасына  тікелей  байланысты  екенін бізге  ата-анамыз әуел бастан айтып отыратын.  Көшеттің түзу немесе қисық өсуі  күтіп  баптаған  егесіне  байланысты дейтін атам  қазақтың  тектілігі өз алдына әңгіме. Ендігі бар ойымнан  кетпейтін  күні мен түні ойлағаным  біздің  бақшадағы  інімнің  әркеті болды.

Бүгінгі  күн  мен ойлағаннан  да  басқаша  қызықтармен  басталғандай. Мектеп ауласында  еңбек ағайымыз  бір топ  оқушыларды    жинап,  алдағы сенбі күні  бақша  дақылдарының  көрмесі  болатынын айтып  барша  оқушыларға  хабарлама айтып жатқаны көзіме оттай  басылды. Жақындай келе көрмеге өз қолымен жасалған бұйымдар қою қажеттігін түсіндім, оған қоса егер осы  көрмеге ешкімнің жасамаған дүниесін әкелген  оқушы болса ол балаға ақшалай сыйлық беріледі екен. Ендігі мендегі ой егер осы көрмеден жүлдеге ие болсам  бар мақсатым інімнің  бақшамызда  бүлдірген  қияр көшеттерін базардан жаңасын  сатып алып, атамның  баптап  жүрген жасыл бау бақшасын  көркіне көрік   қосу   менің   мақсатым болды. Інімді  қоңырауда сыныбына іздеп барып бір  бақылап көңіл күйін қараған болып,  сабақтан бірге қайтанымызды ескерттім. Менің бар айтқанымды бұлжытпай  орындап мені құрметтейтін бала көңілі  жанарынан - ақ сезілді. Себебі бүгінгі  күндізгі  болған  жағдай  әлі де болса көңілінде бар секілді. Адам  қанша  ашуланып  көңілі  құлазып  енді  көрместей  күн  кешкен  кезде  де  көңілге  тиетін  сөзді  айтпауы  қажет. Бұл  тәрбие  маған  әжемнен  келген. Біздің отбасында  сөз  басында  айтып  өткенімдей  үлкенді  сыйлау  бірінші  орында  тұрады.  Әжеміздің  қыз  баланың  ибалы  кішіпейіл  болып  өсуі  үшін  ең  әуелі  жұртқа  жасаған  жақсылығыңмен  өлшенеді деуі  үлкен  өнеге.

Аяқталмастай  көрінген  45  минутқа  созылған  бүгінгі  күннің  сабақтары да  аяқталып  барлық  сыныптастарым  үйге қайтуға  жинала  бастадық.  Соңғы  сабақ қазақ тілі  мен  әдебиет  пәні  болған еді, бізге  сабақ  беретін  Жүргенбай  ағайымыз  сабақ аяқталсада  үй  тапсырмасын  егжей  тегжей  түсіндіруші еді марқұм ағайымыз. Ол  кісінің сабақ беруі  ешкімге  ұқсамайтын  тәжірибесін  сөзбен  сипаттау  мүмкін емес еді. Қайсыбір  шығарманы  оқып оны талдап  барлық  оқушыға  жан-жақты  ұғындыруы  әлі де болса  санамда жаңғырып тұр.  Ағайдың  бүгінгі  бізге  түсіндірген  сабақтарын  миыма тоқып азық етіп бүгінгі күннің де аяқталғанын  күнделігіме  үй тапсырмасын толық жазып  оқулық дәптерімді  сөмкеме  салып  інімнің  оқитын сыныбына барып  менде  үйге  қайтуға жиналдым. Інімде сақадай сай болып мені күтіп тұр екен, жол бойы  екеуміз  азанғы  бау бақшамызда   орын алған жағдайды  әлі ұмыта алмай дәл қәзір де  болған жағдай  сияқты қабылдап ендігі   жоспарларымызды айтып  мектеп ауласынан ұзап ақ кеттік.

Біздің  көшенің  сәнін  келтіріп  тұратын ол  біздің  аналарымыз  еді.  Қарның  шұрылдап  сәл шаршаңқы  оқушы  болып  келе жатқан  кезіңде,  көшеміздің  басынан әр үйдің  есік алдында  кішкентай немерелерін ойнатып  отыратын  аналарымызды  көретінбіз. Сондағы  анаммен  әжемнің  бізге  айтатын мына бір сөздері:  «О,  біздің  үйдің  алтындары  келе жатыр,  тамақтарың дайын,  сендерді күтіп отырмыз!»  деген сөзі  күні бойы  шаршап  сабақтан  басың ауырған  тұстардың бәрін бәрін  ұмыттырып,   бойымызға  қанат бітіргендей  күй  кешетінбіз.  Жүрістерімізде  тезірек басып  үйге  жеткенше асығып  әжемнің  өз  қолымен  күбіге  піскен  айранын  ішуге,  анамыздың  қолдан  пісірген  ошақтың  тәтті  нанын  жеуге асығатын балалық  шағымның  қайта  оралмас  сол  бір  күндері  әлі күнге  дейін көз  алдымда. Шарбақтың  есігін аша бергенім сол еді  есік алдында  қарауыл  боп  тұратын  Ақтөс  итіміз  басы  салбырап  көздерінде  мұңы  бар жандай  бізді  қарсы алды. Бұлай  деуімнің  себебі  күнде  біздің  келе  жатқанымызды  көріп  бізге  қарай  аттай  тулап  үріп  қарсы  алатын  итіміздің  бұлай  жатуында  бір себеп  бар ау. Өзім  қасына  жақындап  «Саған не болды,  неге  үрмейсің»  деп  қатты  жаным  ашыды.  Сонда  есік  алдында  тазалық  жұмыстарын жасап  аулаға су  сеуіп  жүрген  әкем  келіп:

-Ақтөстің  жақпас  тамақ жеп  қойғаны бар сияқты,   түстен бері  осылай жатыр,  үй  жануарларына  қарайтын  дәрігер ағайды  шақырдым,  кештеу  келем  деді. Қызым сен  үйге  кіріп  шәй  тамағыңды  іше бер.  Қәзір мен  бұл  итке  мұздай  су  берейін  деп әкем  су  құйып  қоятын шелекті  алды да  құдыққа  қарай жүріп кетті. Бағана  түсте ғана  ойнап жүрген  итіміздің  әп-сәтте  не  болғанын  түсінбей қалдым.  Менің  артымнан  ере  келе жатқан  інім  иттің  бұл  түр  көрген  бойда  анамызға барып:

- Анашым  сіз  егер  менің ішім, тісім басқада  жерім ауырса дәрі  беріп мен  тез -  ақ жазылушы  едім  сіздің  дәріханаңызда  иттерге  арналған қандай дәрілер бар?   Тезірек ақтөске  беріп  жазып алуымыз керек, анашым көмектесіңізші  -  деп   уайымдап тұрған  мені көріп  ішіп  отырған  шәйін  қоя  сала 

-  Қәзір  балам  күте  тұр,   әкең  дәрігер  көрсін  деді  ғой  күтейік – деп  менің  маңдайымнан  бір  иіскеп  алып  дауысын көтеріп барлығымызға  бір қарап:

- Ия, балам  қәзір  әкең  дәрігер шақырған  ай сайын  күшік  кездерінде салдыратын арнайы  уколдары  болады екен  мүмкін  сол  уколын  салса  жазылып  шауып  кетер  уайымдай  бермеңдер. Кел  тамақтарыңды  ішіңдер – деп  қазанның  қақпағын  ашып  иісі  мұрынды жаратын  дәмді  палауды  тәрелкелерге сала бастады.

Мана мектепке келе жатқанымда  қарнымның  қатты  ашқаны  қайда  кеткенін  білмеймін. Бар  ойым  ақтөстің  басын көтерсе  екен  деген  ой  ойымнан  кетер емес. Табиғатым   солай ма  әлде  жүрегім  әлсіз бе  жанымның  қатты  ашығаны соншалық  көздерінің  төмен  қарап, қабағында  көтере  алмай  қалғанын көрген оның   жағдайын мен  ғана  түсінетін адамдаймын.  Ол  кездері  қәзіргідей  ұялы  телефон  қайдан  болсын. Сымдары  ұзын  үйдің  дәл  ортасындағы  бөлмеде  даусы  қатты  естілетін  телефон  болушы  еді. Сол телефон  тұратын  жерде  ақ  қағазға жазылған  сандарға  көзім  түсті.  Барып  қарасам  «Аманкелді  аға» -  деп  сегіз  саннан  тұратын  нөмірлерді  әкем  баттитын  үлкен  сандармен  жазып  қойыпты.  Содан  атама  бардым:

-Ата,  сіз  мүмкін  хабарласып  көрсеңіз  қайтеді? Дала  қараңғы  болып  кетсе  қарай  алмайды  ғой. Ал  ақтөс  болса  мүлдем  басын  көтере  алмай  жатыр  -  деп  атамнан  көмек сұрадым. Ал  атам  болса  менің  тіпті  кешкі  асты  да  ішпегенімді  көріп 

-  Иә, иә  қызым  хабарласып  көрейін! -   деп  бірден  келісті.  Атамның  телефонға  жақындап  енді  сандарды  терейін  деп жатқан бойы  еді,  даладағы  шарбақтың  алдына көлік  тоқтағынан  бірден  құлағым  естіген мен

- Ата,  көлік  келді ау дим  тұра тұрыңызшы  мен көріп келейін дедім дағы тезірек  далаға жүгіріп шықтым. Сыртқа шығу бойда  тек  ойымда  ақтөс  итім  тұрды.  Ол  сол  күйі  басын  әліде  көтере  алмай  салбыраңқы  күйде  жатқаны  жаныма  қатты батты. Есікті  ашып  дәрігер ағайды  көріп  қатты  қуандым. Сәлемдесіп  ішке кіргізіп, үйден  атаммен  әкемді  шақырдым.  Оларда  аяқтарын тез тез басып,  атамның   асыққаны  соншалық  басына  киетін  тақиясында  ұмытып  кеткенін  көріп  іштей  бір  күліп алдым.   Атаммен  әкем  дәрігерге  болған  жайды  баяндап,   иттің  төрт  сағаттан  бері  басын  көтермей  жатқанын  соңғы  рет  не  жегенін  айтып  түсіндіргендей  болды. Дәрігер  қолына  аппақ  резенке  қолғапты  киіп,  бет  аузына  мәрледен  жасалған  таңғышты  байлап  біздің  ақтөске  қарай  жақындады.  Итімнің  бөгде  адамға  аттай  тулап  үретін  қалпын  үнемі  көріп  жүрген  мен  дәл  қәзіргі  сәттінде  тіпті  ауыр  екенін  көріп  көңілім  қатты  құлазыды  ау.

Дәрігер  асықпай  баппен  қозғалатын  адам  екен,  сөзге  келгенде  де  баппен  өте  сыпайы  сөйлейтін ағайдың  не  айтар екен  деген  жауабын  қатты  күттім.  Барлық  жасауға  тиіс  ем домын жасап,  енді  ертең  тағы келіп  көретінін атаммен  әкеме  айтып   дәрігер ағай  қайтты.  Мен  не  деп  айтқанын  не  беру  керектігін  тіпті  түсінгенім де  жоқ  тек  бір  білгенім  иттерге  әр үш  ай  сайын  екпе  салыну керектігін  түсіндім.  Атам  маған:   «Иттіміз аман  барыңдар  уайымдамай  кешкі  астарыңды  ішіңдер!» -   деп  бізді  үйгі  кіргізіп,  өзі  кешкі  жаттығуларын жасауға  кірісіп кетті.  Менің  дүрсілдеп  аузымнан  шығардай  болған  бала  жүрегім  сәлде  болса  басылғандай  күйге еніп,   үйге  кіріп  кешкі асымды  ішуге  кірістім.

 Анамның  палауының  дәмі  тіл  үйіреді.  Шіркін, балалық  шағымның  бал  дәмдерін  айтсаңызшы! Әжемнің  қатық, айраны,  анамның  даладағы  ошаққа  малдың  сағын  жағып  пісерітін  таба  наны  бәрі - бәрі  көз  алдымда.  Ол  заманның  қәзіргі  заманмен  жер мен көктей  айырмашылығы бар дер едім. Телефон ұстамаймыз  оның  орнына  әжемізге  көмектесіп  үй  шаруасын  жасаймыз. Малдың  соның  ішінде  қойдың  жүнін  қырқып,  оны  түтіп,  жуып тазалап  қысқа  күн суықта  әкемізбен  бауырларыма  киетін  қалың  қолғап жемпір  тоқимыз.  Әжем  түтілген  малдың  жүнін  ұршықпен  иіріп  бізге  домалақ етіп жіптер әзірлейді. Біздер  сол  жіптерді  қолымыз  қалт  етсе  қолғаптар  тоқумен  айналысамыз. Әжемнің  «Қыстың  қамын  жаз  ойла» -   деп  айтып  отыратын  мәтелдерінің  астарын  енді  түсінгендеймін. 

Ол  кезде  бізде  уақыт  бос  отыру  деген  жоқтың  қасы  себебі  қыз  баланың  үй  тірлігіне  жақын  болып  өсетінін аналарымыз  есімізге  салып  біздерге  барлық  шаруаны  үйретіп  тәрбиеледі.  Мектепке  барарда шашымызды  қатты  етіп,  қос бұрымғып  өріп,  төбемізге  ақ  бантикті тағып,  маңдайымыздан  бір  иіскеп  күнде - күнде әдетке  айналдырғандай  шығарып  салатын. Қолымыз  қалт  етсе  ер бала  қыз  бала  жасайтын  шаруа деп  бөліп  жармай  қандай  жұмыс  болсын  жасай беретінбіз. Есік  алдында  жайқалып жап жасыл  түске  боялған  бау  бақшаны  күтіп  баптау  үлкендеріміз  басшылық  жасаса  оны  суарып  арам  шөптерін  жұлу  біздің  жұмысымыз.  Ол  кездері  сырттан  келетін  судың  дұрыс  ақпай  сағатпен  беретін кезі  еді. Таң  азанмен  ерте  тұрып  кесте  қойып  бақша  суаруға  тұратынбыз. Үлкен  екі  құдық  болды,  соның  біреуі  арнайы  бақша  суару  үшін  жасалған,  сол  бақша  құдығымыз  түнімен  суға  бетімен бет  болып  тұрады,  соны  қолмен  шелекпен  арнайылап  бақшамызды  суарамыз. Кейде  атамыз:  «Егер кімде кім 100  шелек  сумен  бақша  суарса  сол  балама  тәттілер  беремін» - дейтін  ал  біз  болсақ  сол  межені  қайтсемде  орындаймын  деп   кейде  ерте  тұрып  бақша  суаратынбыз. Ал атамыз  уәдесінде  орындап  арнайылап  базарға  барып  біздерге  жеке - жеке  тәттілер  әкеп  тарататын.  Біз  сол  сәттерде  нағыз балалық  шақтың  бал дәмін  татқан  жандар едік деп  кейде  ойланамын. Себебі  ауылдың  түзу  шыққан  түтінін  түтетіп  отыратын,   аяулы  аналарымыз  әр  үйдің  берекесін  кіргізіп  отыратын еді. Біздің  отбасында  түскі  шәйдің  дайындалуы  ерекше  болатын, өйткені  ол  түскі  астың  ерекшелігі  біздер  шәйді  шоқ  самаурынға  асты  үлкен  ошақтағы  қазанға  жасайтынбыз. Шоққа  піскен  тамақтың  дәмі де ерекше еді ау. Біздің  үйде бала шаға үлкен  адамдар 13    жанды  құрайтын. Анам  барлық  адамға  дәмді  қылып  үлкен  қазанға  күнде  ас  әзірлейді. 

Күндер  өтіп  біздің  бау  бақшамыздың  да  дәмді  дақылдары  көкөністері  жәймендеп  пісе  бастағандай.  Өзің  қолмен  суарып  өсірген  оның  жеміс   берген  шағы  келгеніне  қуанған  сәттерім  мен  үшін  үлкен  бақыт  болатын. Себебі  еңбекпен  келген  қайсыбір  дүниенің  орны  әрқашан  ерекше.  Отбасымыз болып  әуелі  қиярларды  үзіп,   одан  соң  қызанақтарды  жейтін болдық. Ал  атамыз:  «Шелек - шелек  көкөністерді  жинаған сайын  ала  жаздай  еңбек  еткен  ұл  қыздарымның  арқасында  осындай жеміс  жеп  отырсыңдар,  нағыз  еңбек  осылардың  еңбегі» -   деген  сайын  іштей  мақтанышпен  керемет  сезімді  бастан  кешіретінбіз. Қайта  оралмас  балалық шақ балғын шақтар-ай десеңші.

Біздер  әжемнің қасында  ұршық   иіріп  тоқыма тоқып,  одан  соң  ауладағы  барлық  шаруаны  жасаймыз. Осындай  тату  тәтті  балалық  шағымның  бастауы  болған  отбасымдағы  әр  күн мәңгілік  жүрегімнің  патшасы  десемде  болғандай. Менің   әжем  бір  әулеттің  көшін  бастаған  аузы  дуалы  жұрт  есімін  айтқанның  өзінде  құрметтейтін  жан  болды.  Өзінің  өмір  тарихын  баяндаған  сәтте  ата-анасынан  жастайынан  айрылған  әжемнің  өмірі  көп  қиыншылықтарға  толы  болған.  Әкесі  соғысқа барып  жаралы  болып  үйіне  келгенде  жалғыз шешесі  күн  көрістің  қамымен  қиын  қыстау  күн  кешкен.  Сонда  әжемнің  айтқан  мына бір  сөзі  қыс  айы  болса да  мұзда  қатқан  суды  жарып  екі  шелекпен қақаған  аязда  су  таситыны.  Таза  еңбек  дерсің  болмаса  қамқорлыққа  баларсыз  тіпті  жаны  ашығаным  соншалық  әжемнің  қиын  тағдырмен  өмір  сүрген  бала  кезін  қатты  ойланып  жүрегіммен  уайымдаған  кездерім болды.  Сондағы  әжемнің  ой  елегінен  өткізген  данышпан  даналығы  қыз  баласы  ананың  қамқоршы  қарлығашы  болып,   анасынан  көрген  өнегесін  өмірлік  азық  қылу  керектігін  тайға  таңба  басқандай  айтып  отыратын.   Қазақ    «қызға   қырық  үйден  тыйым»  жасап,  жеті  атаға  дейін  қыз  алыспайтын  құнды  дәстүрі  сақталған  халық  болғаны  жөнінде  үнемі  айтып  отырушы еді.  Қыз  баласының  маңдайын  ашып  шашын  өсіріп  оны  тағы  қос  бұрыммен  өріп  қою  керек  екендігін  біздің  есімізге  салып  отыру  әжеміздің  ұмытпайтын  күн  тәртібі  дерсіз.  Кейде  қәзіргі  мектеп  табалдырығын  аттап  киелі  шаңырақта  білім алып  жүрген  жас  жеткіншектерімізге  қарап  шаш  жаюдың  тарихын  білмейтіндеріне  іштей  қынжыласың.  Қазақта  шашын  қыздар  жайып  жүрмеген. Шашын  әсемдеп  өріп  сыңғырлаған  шолпы  тағып,  қадір  қасиетімен  ар-ұжданын  жоғары  бағалап  мықты  тәрбиенің  қазығын  бекем  ұстаған. Заманның  көшіне  ілесіп  көшеде  шаштарын жайған қыздарды  көріп  іштей  үйдегі  анасы  бір ауыз  тыйым  сөздерді  қалай  ғана  айтпағаны  деп  өкініштен өзегің  өртенеді.  Сол  шашын  жайға  арудың  болашағын  ойлап, дәстүрін  бұлжытпайтын  текті  халықтың  болашағы  қалай  өзгеріп бара  жатқанын  көріп  өз  қолымды өзім  қалай  ғана  кесер  едің  деген ой келеді.

Бірде  күздің  мамыражай  көрікті  күнінде  әжеммен  атам жол  жүретін  болып  басқа  қалаға  баратын болды.  Анам  маған:   «Сен  жақында  күзгі  демалысқа шығасың,   әжеңмен  барып  қайтсаң  қайтеді ?» -  деп  тосыннан  сұрамасы  барма. Мен  не деп  жауап  берерімді   білмей  қыдырған  жақсы  дегенмен  демалыста  үлгірмей  жүрген  сабақтарымды  дайындалсам ба  деген  жоспарыма  өзгерістер  енгендей  болды. Анам маған   қарап:

-  Осы  жолы  әжеңмен  бірге  барып  қыдырып  қайтсаң  болады.  Демалысқа  бір  апталық  шығады  екенсіңдер,  үй  шаруасына  өзім ие  болармын. Сіңілдерің  бар ғой  солар  көмектеседі. Әжеңмен  барып бой  жазып  келіңдер! – деді

Сонда  арғы  бөлмеде  ине сабақтай  алмай  отырған  әжем маған мені  қасына шақырып:

- Мен  осы  қызымды  қасыма  ертіп  жүрсем көңілім  жәй  болар,  өйткені  мәсімді  шешіп,   шашымды  жуып  тарап  беретінде  осы  қызым -   деп  менің  дәрежемді  көтеріп,  мақтағаны  үшін  өзімді  өте  бақытты  сезінетінмін.

- Мақұл әжетайым,  барсам барайын, сіз жүрген  жолмен  жүрсем  не  арманым бар оның  үстіне  той  деген жақсы емес пе! - деп  қатты  қуанып  өзіме  тапсырылған  жұмыстарды  шалт - шалт жасап тастайтын  қасиетім болды. Осы  жаңалықты  естіген  бала  көңілім  алып  ұшып  басқа  қалаға  баратынымды  естіп  алдағы  орындауға  тиісті  шаруаларымды  ұқыпты  орындауға  кірістім.

Мен  мектепте  сыныптың  тазалығына  жауапты  оқушы  болдым. Мені сынып  жетекші  ұстазым  тазалыққа  мән    беретін    оқушы  деп  санай  отыра  тіпті  кейде  бөтен  бір  баланың  тазалығы  талапқа   сай  болмаса  да  маған      сөйлеп  қоятын. Өйткені  мен сынып  үшін  Жадыра  апайдан  кейінгі  тазалыққа  шақыратын   адам   болдым. Аптаның  басында   барлық  оқушының  тырнақтарын,  ақ жейдесін  тексеріп  өзім  арнап  алған  журналыма      жазып алатынмын. Сонда     кейін  есейген шақта  ойланамын   кеп  сол  жазып  алған  бір де  бір сыныптағы не ұл не қыз  баланы  сынып   жетекшіме  айтпайтынмын. Ал,   ұстазым    маған    сенім   артып үнемі  сыныптағы балаларға  риза  болатын. Ал мен егер тырнағы  алынбаған оқушы болса  өзім үнемі  сөмкеме  қайшымды сала келіп үлкен  қоңырауда  өскен  тырнақ  болса  алып  беріп  сыныптас достарыма  көмектескен  кездерім көп болды.  

Мектеп  қабырғасында  өткізген  сан  түрлі  естеліктер  таусылмайтын  дастанға  теңерсіз.  Өйткені  біздің  сынып  құрама  оқушылар  болды.  Олай  деуімнің  себебі  біздерге  оқушылар  әр  мектептен  жиналған  яғни  біздің  1- ші  сыныптан  бастап  бірге  оқыған  жоқпыз.  Бізге  сабақ  берген  мүғалімдер  «Әр  мектептің  тентектері»  - деп  үнемі  айтып   жүретін  еді. Бірақ  сол  құрама  шәкірттер  қәзіргі  таңда  еліміздің  түкпір - түкпірінде  сан  түрлі  саланың  қызметкері  болып  еңбек  етіп  жүр. Әр  мерекеде  бір  бірімізбен  қауқылдасып  хабар  аламасып   жағдай  сұрасып  балалық  бақытты шақтың  қызықты  сәттер  еске  алып  сөйлесіп  тұратынымыз бар. Сыныптас  достың  орны  өмірде  әрқашан  бөлек   болады. Жақсы    қарым - қатынаста  бір бірімен тату болған достар  өмірдің  қуанышымен  қайғылы  шақтарында  бір-біріне  демеу  болған  сәттері  қаншама. Сыныптас  болғанмен  етене  жақын    араласқан  достардың  орны  бір төбе  дерсіздер!  Менің     балалық  шағымдағы  адал  досым  болған  көрші  тұрған  Гүлназ  есімді  қыз  болатын.  Біздің  дос    деген атымызға  жалғанып  тұратын  «көрші  достар»  деген  екінші де  атымыз бар еді. Кейде  сыныптың  ер  балалары  бізді қатар  жүретін  қос аққу  деп  қалжыңдасып жүретін. Себебі  біздер  үлгілі  тәртіпті  оқушылар  бола  тұра,   мектептің  белсенді  қоғамдық  жұмыстарына  араласатын  оқушылары  болғанбыз.   Біздің  сынып  жетекшіміз  музыка  пәнінен  сабақ  беретін  мұғалім  болды.  Әр ай   сайын  мектепішілік  саптық  жиында,   қоғамдық  шараларда  сыныптағы  ән айтатын  қыздардың    бірі мен болатын едім. Ә.Тәжібаев атамыздың «Сыр сұлуы»  әнін  нақышына  келтіріп,   екі  дауыста  Гүлнар  апайымыз  баянмен сүйемелдеп  орындайтынбыз, ал бізді ұстазымыз үнемі ән байқауларына  қатыстырып  әлек болатын.

Мектеп  қабырғасында  жүрген  кездегі  әр  сабақтың  орны  ерекше  деп айта аламыз. Себебі  ол  жылдар  енді  қайталанып  келмейтін  жылдар еді. Ұстаздарымыздың  әрбір  сабағы  мен  тәрбиелік  мәні  бар  шаралары  біздер  үшін  болашағымыздың  баспалдағы  болып  қаланған.

Бүгін сынып  болып  жаңа жылдық шыра  кешін тойлайтын  мерекелік  кешіміз болатын күн. Барлық    достарымыз  ән мен  би  әзірлеп  ертегі  кейіпкерлерінің  рөлдерінде  сахналық қойылым қою  үшін  дайындық  жұмыстары  жасалды. Сынып  жетекшіміз бізді  жоғары сынып  оқушылары  болған  соң  дайындықты  өзіміз  жасауға  уақыт  берді.  Сыныптағы  алғыр  оқушы  Нұржан  керемет  ертегі  кітабын  сатып  алған  екен.  Біздер  сол  ертегіні  бір  бірден  толық  оқып  шықтықта  дайындықты  бастап кеттік.  Қыздар  кейіпкер  киімдерін  қолдан  тігу  үшін  маталар сатып  алған едік. Гүлмайдан  есімді  сыныптас  досымыз  әжесінен  қол  мен  тігетін  машина  алып  келді.  Соңғы  сабақтың  кезінде  жеті  кейіпкерге  арнап  сәнді  киімдер  дайындап  бастадық.  Аяқ асты  асығыс  ертегі  дайындалса да  тігілген  киімдеріміз  өте  әдемі  жарасымды  болып шыға келді. Ал  біздің  сыныптың  ұлдары  өз  рөлдерін  жан-жақты  дайындалып  кешімізді  ертегі желісінде  орындап  шықтық.  Өте  жақсы  дайындық  жасалған  бұл  шараға  сынып жетекшіміз  өте  риза  болды.

-    Балалар  әр  күннің  нұрлы  сәтті  болуы  ең әуелі   өздеріңе  тікелей  байланысты. Әлемді  әсем  ететін  сендердің  тәтті  ой  қиялдарың  алған  біліммен  тәрбиелерің  біздер  үшін  баға  жетпес байлық  деп  санаймын. Сендерге  міндеттелген  жауапкершілікті  сезініп  өте  жақсы  сахналық  қойылым  жасадыңдар. Келіп жеткен  жаңа  жалдарың  құтты  болсын. Мен  сендермен  мақтанамын  -  деп  сынып   жетекші  апаймыз  дән  риза  болды.  Кештің  соңында  жаңа  жылдық  сыйлықтарымызды  алып  барлығымыз  жақсы  көңіл  күймен  үйімізге  қайтып  тарқастық.

Мектеп  қабырғасында  өткізілген  әрбір  күн  балалық  шағымның  естен  кетпес  бақытты  шақтары.