Дәурен Абаев саяси кеңесте Президент ауысады деген сыбыс туралы сұраққа жауап берді
Дәурен Абаев саяси кеңесте Президент ауысады деген сыбыс туралы сұраққа жауап берді
Фото: Интернеттен алынды
151
оқылды
Әлеуметтік желіде 18 наурыз күні Nur Otan партиясының саяси кеңесі отырысында Мемлекет басшысы отставкаға кетуі мүмкін деген ақпарат тарап жатыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысында президент ауысады деген қауесетті жоққа шығарды, – деп хабарлайды «Спутник Қазақстан».

Дереккөздің жазуынша, коронавирустың алдын алу шаралары мен әлеуметтік желіде 18 наурыз күні президент ауысады деген сыбыс тарай бастады.

Мәжіліс кулуарында «Қазақстанда бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасының таныстырылымынан кейін журналистер Дәурен Абаевтан саяси кеңестің күн тәртібінде қандай мәселе талқыланатын сұрады.

«Күн тәртібін қазір нақты айта алмаймын. Ал сіздер айтып тұрған әңгімеге келер болсақ, мен ақпарат министрі ретінде бұл сөзді жоққа шығарамын», – деді Дәурен Абаев.

Бұған дейін Nur Otan партияcы саяси кеңесінің отырысы 2020 жылдың 18 наурызында өтетінін хабарлағанбыз.