Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы Назым Қызайбай "Жетінші арнадағы" "Маска Kazakhstan" бағдарламасында өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортшы жобада сайғақ кейпінде сахнаға шығып, "Көк жигули" әнін орындады. Ал жоба сарапшылары әнді орындаған Елдос Сметов деген болжам жасаған. Желі қолданушылары Назымның өнеріне сүйсінді.
«Назым қандай әдемі», «Қалайша даусын білмей отыр», «Назым тамаша орындап шықты», «Батыр қыз, жарайсың», «Назым екенін бірден білдім», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Назым Қызайбай – Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.