12 қараша күні Кубокта қалған бес категория бойынша грек-рим стиліндегі балуандар өзара мықтыны анықтайды.
Күрестен Қазақстан кубогының алғашқы жеңімпаздары анықталды
1,111
оқылды

Таразда күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтуде. Жарыстың бірінші күнінде грек-рим стиліндегі балуандар арасында медаль иегерлері анықталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Olimpic.kz-ке сілтеме жасап.

Кубоктың алғашқы кезеңінде балуандар бес салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі төменде көрсетілген.

55 келіге дейін:

1. Ербол Камалиев

2. Ерасыл Мамытбеков

3. Алпамыс Дастанбек

4. Ерсін Әбиір

63 келіге дейін:

1. Мейрамбек Айнағұлов

2. Дастан Зарлыханов

3. Асаухат Мұхамадиев

4. Нұрзат Марат

72 келіге дейін:

1. Әділхан Сатаев

2. Сырым Сәрсен

3. Мәди Маулітханов

4. Данияр Каленов

82 келіге дейін:

1. Омар Сатаев

2. Диас Қалтай

3. Олжас Ерғали

4. Мирас Баршылықов

97 келіге дейін:

1. Ілияс Гучигов

2. Айдос Әмір

3. Рахат Бержанов

4. Ерғали Бектұрсынов

12 қараша күні Кубокта қалған бес категория бойынша грек-рим стиліндегі балуандар өзара мықтыны анықтайды. 13 қарашада әйелдер медальдар үшін күрессе, 14 қарашада еркін күрес жарыстары басталады.