Ниеті дұрыс емес адамдар жеке бас пайдасы үшін қор ашып, халыққа арзан үйлер алып беріп, қымбат үй сыйлап жатқандай көрсететін болған. Бұл дабыл қағатын дүние екенін атап өтті.
«Халық әрбір тиынның есебін сұрауы қажет»: Айгүл Орынбек күмәнді қайырымдылық қорларын жабуды ұсынды
Фото: YouTube
777
оқылды

Заңгер, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек “Информбюро” бағдарламасында қайырымдылық қорларының айналасындағы дауға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ол күмәнді қорлардың барлығын жабу керегін айтты. 

"Ниеті дұрыс емес адамдар жеке бас пайдасы үшін қор ашып, халыққа арзан үйлер алып беріп, қымбат үй сыйлап жатқандай көрсететін болған. Бұл – дабыл қағатын дүние. Өйткені халыққа пайдасын тигізіп жатыр ма, террористерді қаржылай қамтамасыз етіп жатыр ма, белгісіз. Себебі мұның есебі, сұрауы болмағаннан кейін осындай жағдайлар болып жатыр. Қорларды бұрыннан-ақ тексеру керек еді. Тіпті, қорларды ашқызуға тыйым салу керек... Барлық қорларды жабу керек. Тіпті, әкімдік тарапынан ашып алып, арам ақшаны да қорларға аударып жатқандар бар. Тек қана мемлекеттің бақылауындағы қорларға ғана ақша аударыңыздар. Ал адамдарды қызықтыру арқылы біреудің қайғысын көрсетіп жатқандарға күмәнмен қарау керек. Халық әрбір тиынның есебін сұрауы қажет”, – дейді Айгүл Орынбек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.