Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мамандары азаматтарға мүлікті апаттан сақтандыруды міндеттеуді ұсынып отыр.
Қазақстандықтардың коммуналдық қызметтер түбіртегіне тағы бір төлем түрі қосылуы мүмкін
Фото: istockphoto.com
2,961
оқылды

Енді Қазақстан азаматтарының коммуналдық қызметтер түбіртегіне тағы бір төлем түрі қосылуы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мамандары азаматтарға мүлікті апаттан сақтандыруды міндеттеуді ұсынып отыр. Өйткені, елімізде баспанасын төтенше жағдайлардан сақтандыруға асықпайтындар көп екен.

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мамандары төтенше жағдайлардан сақтандырудың жаңа үлгісін әзірлеп жатыр. Ақпараттарына сүйенсек, елімізде баспанасын табиғи апаттан ерікті түрде сақтандыратын азаматтар тым аз.

Сондықтан тұрғындардың коммуналдық төлемдеріне енгізіп, міндеттеуді ұсынады. Дегенмен Қазақстан азаматтарының қанша қаражат төлейтіні әзірге белгісіз.

"Бұл тек ұсыныс. Әзірге біз баспананы апаттан сақтандыруды міндеттеу шарасын әзірлеп жатырмыз. Көптеген шет мемлекеттер осы әдісті қолданады. Сондықтан Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мұндай жаңалыққа қарсы болмайды деп үміттенеміз. Агенттіктің бұл ұсынысына халықтың көзқарасы екі түрлі. Бірі коммуналдық төлемдер онсыз да қалтаны қағады десе, кейбірі елдегі төтенше жағдайлардың жиілегенін айтып, сақтандыруды қолдайды", – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.