Чемпионат қорытындысы бойынша 2025-2026 жылғы спорт маусымына дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталады.
Дзюдодан Қазақстан чемпионаты: алғашқы жарыс күнінде кімдер жеңіске жетті?
Фото: Туризм және спорт министрлігі
1,072
оқылды

Ақтөбеде дзюдодан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде әйелдер 48, 52 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде, ал ерлер 60, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Спортшыларды марапаттау рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев,  Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов, Халықаралық Дзюдо федерациясының коммерциялық ынтымақтастық және серіктестікті дамыту жөніндегі комиссия мүшесі Алмаз Әлсенов, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов және Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев қатысты. 

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, биыл Қазақстан чемпионаты шетелдік мамандардың қатысуымен өтіп жатыр. Жарыстың әділ әрі жоғары дәрежеде өтуі үшін халықаралық дәрежедегі төрешілер Владимир Остряков, Евгений Рахлин мен Владимир Мутсубидзе бақылаушы төреші қызметін атқарып жатыр. 

Алғашқы жарыс күнінде жеңіс тұғырына көтерілген спортшылар: 

Қыздар: 

-48 кг 

1. Диана Буркеева (Жетісу облысы) 

2. Сабина Юлдашбекова (Шымкент) 

3. Зарина Хуснадин (Алматы) 

3. Аружан Данайбек (Жамбыл облысы) 

-52 кг 

1. Толғанай Әбеуова (Ақмола облысы) 

2. Аружан Ережепова (Алматы облысы)

 3. Құндыз Жылқыбай (Қызылорда облысы)

 3. Шара Шугаева (Алматы) 

Ерлер: 

-60 кг 

1. Нұрәділ Әлжан (Қостанай облысы) 

2. Мағжан Шамшадин (Қызылорда облысы)

 3. Нұргелді Қанат (Маңғыстау облысы) 

3. Алдияр Қарғұлов (Қарағанды облысы) 

-66 кг 

1. Ержан Еренқайыпов (Астана) 

2. Ердаулет Бозжа (Қызылорда облысы) 

3. Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы) 

3. Мирас Жонысов (Ақтөбе облысы) 

Айта кетейік, байрақты бәсекеге Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің 17 облысынан барлығы 510 татами шебері қатысып жатыр. Қазақстан чемпионаты 18 қарашаға дейін жалғасады. 

Чемпионат қорытындысы бойынша 2025-2026 жылғы спорт маусымына дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.