Жазушының жаңа туындысы «Әлеуметтік маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрді. Іс-шара қазақ аудармашысы және прозашысы Герольд Бельгердің туғанына 90 жыл толуына орай өтті.
Герольд Бельгер – неміс, қазақ және орыс тілдерін бірдей меңгерген көрнекті жазушы. Әдебиет жолында Абай мұрасын зерттеп, қазақ, орыс және неміс тілдерінде мақалалар, әңгімелер және екі мыңға жуық шығарма жазған. «Сосновый дом на краю аула», «Чайки над степью», «Земные избранники» (Гете, Абай), «Казахское слово», «Ода переводу», 10 томдық «Таңдамалылар» және тағы басқа көптеген шығарманың авторы.
Мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиеттанушы Сауытбек Әбдрахманов жүргізген әдеби шарада Герольд Бельгер жайлы түсірілген «Өмір иірімі» атты деректі фильм көрсетілді.
Шығармалары оқырман жүрегіне жол тапқан талант иесінің рухын аспандатқан басқосуда зиялы қауым өкілдері Герольд Бельгердің жазушылық қыры мен әдебиеттегі орны жайлы ой толғады
Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али, Ресей дипломатиялық корпусының өкілдері, жазушылар, ақындар, аудармашылар, кітапхана оқырмандары қатысты.