Алматы облысы өз алдына отау тіккен екі жылдан астам уақытта өңірде бірқатар жақсы жаңалық жүзеге асты. Олардың басында бұрынғы Қапшағай қаласының Қонаев атауына ие болып, облыс орталығы атануы тұр.
Жаңа қаладағы «Жайлы мектеп»
260
оқылды

Сонымен бірге облыс аумағында жаңа қала пайда болғанын да жұрт жақсы біледі. Бұған дейін Іле ауданы құрамындағы Жетіген ауылы болып келген елді мекен қазір «Алатау қаласы» деп аталады. Егер алдағы жылдарға жоспарланып, ойға алғандар жүзеге асса, Алатау   Алматы мен Қонаев қалаларының арасындағы сәулетті де, дәулетті шаһарға айналады. Қазір жаңа әрі жас қаланы дамыту, көркейту мақсатында  ірі-ірі жобалар, игілікті істер  қолға алынған. Күні кеше қаладағы «Еңбек» ықшамауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектеп қолданысқа беріліп, оқушыларын қабылдағанын да сол игі істер қатарына қосуға болады. 

Көркі алыстан көз тартатын үш қа­батты, 600 орынды білім оша­ғы­ның ашылу салтанатына жұрт көп жи­налды. Балалардың болашағын қам­тамасыз етуге бағытталған шара­патты істің игілікке асуына куә болу­ға келгендер арасында Алматы об­лысы әкімінің бірінші орын­ба­са­ры, өңірдің ел өнеге тұтатын  құр­мет­ті азаматтары, ардагер ұстаздар мен ауыл тұрғындары болды.

Осылайша, Алматы облысының Ала­тау қаласында еліміздегі білім беру жүйесін дамыту арқылы үш ауы­сымды және апатты мектептер мә­селесін түбегейлі шешу мақса­тын­да Мемлекет басшысының тап­сырмасымен жүзеге асырылып жат­қан «Жайлы мектеп» ұлттық жо­басы аясында жаңа мектеп са­лын­ды. 

Алматы облысы әкімінің бі­рін­ші орынбасары Нұрлан Әбді­ра­хым­ның айтуынша, дәл қазір  облыстағы бі­лім саласының басты проблемасы – үш ауысымды оқыту мен оқушы­лар­ға орын тапшылығы. Осынау жыл­дар бойы өзектілігімен ерекшеленіп  ке­ле жатқан мәселенің  мәнісін табу мақ­сатында қолға алынған жұ­мыс­тар жетерлік. Соның ішінде «Жай­лы мектеп» жобасының ықпалы мол болары сөзсіз. 

«Өңірдегі өзекті проблеманың бірі болып отырған үш ауысымды жә­не апатты мектептерден құты­лып, оқушыларға орын жетіспеу­ші­лі­гі мәселесін шешу жолында нақты жұ­мыстар атқарылуда. Соның ішін­де аталған проблеманы реттеуге «Жай­лы мектеп» ұлттық жобасы өзін­дік оң әсерін тигізіп отыр. Об­лыс­­та биылдың өзінде аталған жоба бойынша 26, жеке инвесторлар кө­мегімен 4 және жергілікті бюджет қар­жысына 2 мектеп салынып, қол­да­нысқа беріледі деп жоспарланып, рет-ретімен жүзеге асырылуда. Бү­гін, міне, сіздер де соның біріне куә бо­лып отырсыздар. Болашақ жас­та­рымызға жаһандану кезеңінде са­палы білім мен саналы рухани тәр­бие беру  маңызды. Ендігі кезек­те облысымыздың дарынды балалар са­ны бүгін есігін айқара ашқан жаңа да жайлы мектепте білім ала­тын оқушылармен толығатынына се­німдімін. Келешегіне  батыл бол­жам жасалып отырған Алатау қала­сын­да алдағы кезде бұдан басқа да игі­­­лікті істер жүзеге асырылады», – деп атап өткен облыс әкімінің бірінші орын­басары алатаулықтарды арнайы құт­тықтады. Мектеп құрылысын жүр­гізген мердігер Бауыржан Сер­жан­ұлын, құрылыс жұмыстарының басшысы Ғалымжан Ниетбек­ұлы және жоба жетекшісі Ернар Жа­­­сұ­лан­ұлын Алматы облысының әкі­­мі атынан алғысхатпен марапат­та­ды.

Жаңа  мектепте сапалы білім алу үшін барлық жағдай қарастырылған. Білім ошағында соңғы үлгіде жаб­дық­талған кабинеттер, ерекше ба­ла­ларға арналған инклюзивті  ор­та­лық, шеберхана, кітапхана, ро­бо­то­тех­ника, STEM және модификациялық кабинеттер, асхана, спорт және мә­­­­жіліс залдары  заман талабына сай жабдықталып, барлық керек-жа­рақ­пен қамтамасыз етілген.

Болат АБАҒАН,

Алматы облысы