Азия чемпионаты 17 қараша-11 желтоқсан аралығында өтеді.
Бокстан Азия чемпионатына қатысатын әйелдер құрамы белгілі болды
632
оқылды

Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасының бапкерлер штабы Таиландтың Чиангмай қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын спортшыларды анықтады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, ел намысын құрлықтық додада 12 спортшы қорғайды.

48 келіге дейін: Әйгерім Саттыбаева

50 келіге дейін: Алуа Балқыбекова

52 келіге дейін: Жазира Орақбаева

54 келіге дейін: Сымбат Әлиасқар

57 келіге дейін: Ұлжан Сәрсенбек

60 келіге дейін: Виктория Графеева

63 келіге дейін: Аида Әбікеева

66 келіге дейін: Милана Сафронова

70 келіге дейін: Наталья Богданова

75 келіге дейін: Диана Мағауияева

81 келіге дейін: Гүлсая Ержан

81 келіден жоғары: Елдана Тәліпова

Айта кетейік, Азия чемпионаты 17 қараша-11 желтоқсан аралығында өтеді.