Әлемге әйгілі испаниялық теннисші, "Үлкен дулыға" турнирінің 22 дүркін чемпионы Рафаэль Надаль спорттық мансабын ресми түрде аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол Дэвис кубогының ширек финалында Испания – Нидерланд матчында нидерландылық Ботик ван де Зандсхулпқа 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді.
Аталған матчта Нидерланд құрамасы Испанияны жеңіп, жартылай финалға жолдама алған еді.
– Мен теннис ойнаудан шаршадым. Денем бұрығыдай икемді емес. Менде титул да, цифрлар да, яғни, бәрі бар. Алайда көпшілік мені Мальоркадағы шағын деревнядан шығып, үлкен мансапқа жеткен қарапайым адам ретінде есте сақтағанын қалаймын, – деді Надаль сұхбатында.