Алып зауыт дауға қалды

Атырау мұнай өңдеу зауытының басы тағы дауға қалды. Осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде Атырау мұнай өңдеу зауытының ашық алаңда күкірт сақтап отырғаны туралы ақпарат тарады. Желі қолданушыларының ғана емес, тұтас қала тұрғындарының ашуын тудырған оқиға соңы үлкен тексеріске ұласып, біраз дабыра болды.

Атырау облысы бойынша Эко­логия департаменті бас­шы­сының міндетін атқарушы Ер­лан Есеновтің айтуынша, қазір Атырау мұнай өңдеу зауытының ау­мағында күкіртті сақтау де­ре­гіне байланысты тексеріс бас­тал­ған.

«АМӨЗ-ге қатысты қоғам­дық тыңдау кезінде қала тұр­ғын­да­рының бірі зауыт аумағында қа­ла орталығында күкірт сақ­тал­ғанын хабарлады. Біз оқиға ор­ны­на дереу бардық. Арнайы дрон­ның көмегімен Атырау қа­ласы Әуезов көшесі №91 үй ме­кен­жайындағы зауыт базасында кү­кірт тәрізді заттың қаптарда сақ­талғанын көрдік. Қазір тек­серіс жүріп жатыр. Нәтижелер жұрт­шылыққа хабарланады», – деді Ерлан Есенов.

Спикердің айтуынша, егер сақ­талған заттар тауар­­лық күкірт бол­са, оны сақ­тауға ресми рұқсат талап етіл­мей­ді. Ал егер мұның қалдықтар екені анықталса, ондай жағдайда компания жауапкершілікке тар­тылады.

Бұл жағдай туралы Атырау мұ­най өңдеу зауытының өзі не дей­ді? Айтуларынша, зауыт ба­за­сындағы ашық алаңда арнайы қап­қа салынған күкірттің еш зия­ны жоқ. Атырау мұнай өңдеу зауы­тының жетекші инженер-экологы Абзал Теміровтің сөзіне сүйен­сек, кәсіпорында түйір­шік­телген күкірт шығаратын екі қондырғы бар. Онда күніне 12-16 тонна аралығында күкірт шы­­­­ғарылады.

«Әлеуметтік желіде күкіртті сақ­тау мәселесіне байланысты ақ­парат шықты. Күкірт сақтал­ған қойма зауыттың меншігінде тұр. Бұл қойма мердігер меке­ме­ге жалға берілді. Жалға беру шар­ты бар. Биыл ашық қойманы «Трэйд Ойл Ресурс» ЖШС жалға ал­ды. Бұл компания зауыттан шы­ғарылған күкіртті сатып алып, келесі тарапқа жеткізеді», – деді Абзал Теміров.

Спикердің айтуынша, ашық алаң­да тұрған күкірттің нақты кө­лемі қандай екені белгісіз. «Түйір­шіктелген күкірт арнайы гер­метикалық қаптарға салына­ды. Әр қаптың көлемі – 1 тонна. Кү­­­­кірттің бұл түрі қалдыққа жат­пайды. Оның қоршаған ор­та­ға зияны жоқ», – деп нақты­ла­ды зауыттың инженер-эко­ло­гы Абзал Теміров.

Қойманы жалға алған «Трэйд Ойл Ресурс» ЖШС-ның бас кең­­сесі Алматыда орналасқан екен. Компанияның қаржы ди­рек­торы Жайық Омаровтың ай­­­туынша, ашық алаңы бар қой­ма жыл соңына дейін жалға алын­ған.

«Герметикалық қаптарға са­лынған күкірттің қоршаған ор­та­ға зияны жоқ. Бұл – түйір­шік­тел­ген күкірт. Зауыттан айына ша­мамен 500-700 тонна күкірт шы­ғарылады. Оны өткізу оңай емес. Кейде тұтынушы табыл­май­­ды. Мәселен, жаз айларында кү­кірт алушылар болмады. Тек қа­зан айында «Казфосфат» ЖШС-ға 1 мың тоннадан астам кү­кірт жөнелттік. Енді осы айда Ре­сей Федерациясындағы тұты­ну­шыға 2 000 тонна күкіртті жі­­­­­­беруге келісімшарт жасалды. Сол кезде жинаулы тұрған кү­кірт­­­тен толық арыламыз», – дей­ді «Трэйд Ойл Ресурс» ЖШС қар­­жы дирек­торы Жайық Ома­ров.

Атырау мұнай өңдеу зауы­ты­ның баспасөз-қызметінің нақ­ты­лауынша, зауыт түйіршіктел­ген күкірт өнімнің қауіпсіз та­­­­­сымалдануына жағдай жасап отыр. Яғни, түйіршіктелген кү­кірт механикалық, темпера­ту­ра­лық және химиялық әсерлерге тығыз төзімді полипропиленнен жа­салған арнайы герметикалық ыдысқа салынады. Бұл ыдыстар түйіршіктелген күкірт өнімінің қор­шаған ортаға таралуына жол бермейді. Дегенмен тексеріс әлі жү­ріп жатыр. Күкірт «қойма­сы­на» байланысты нақты байлам тек­серіс қорытындысы жария­ла­н­ған соң белгілі болады.

Естеріңізге сала кетсек, бір кездері NCOC ком­па­­­­ниясында осындай ашық кү­кірт сақтау жағдайы болып, нә­ти­же­сінде Экология және та­­­­биғи ре­сурс­тар министрлігі ком­панияға 5,1 млрд доллар кө­лемінде айып­пұл салған бола­тын.

Айтпақшы, осыдан екі жа­рым жыл бұрын Атырауға Түр­кия­дан инвесторлар келіп, кү­кірт бетонитін өндіретін өнер­­­­кәсіп орнын ашуға дайын екенін жет­кіз­ген болатын. Шамамен 10 млн АҚШ долларын жұмсауға ниет біл­дірген түркиялық инвес­тор­лар сол кездің өзінде Атырау ға­на емес, жалпы Қазақстан кө­лемінде күкірттің жеткілікті қо­ры бар екенін атап өткен еді.

«Біз үшін де, жалпы ел үшін де шикізатты терең өңдеуді ұйым­дастыру, дайын өнімді кү­кірт бентониті түрінде шығарып, шет­ел нарығына экспорттау әл­де­қайда тиімді. Логистикалық тұрғыдан алғанда, Атырау об­лы­сы – бұл жобаны жүзеге асыру үшін өте ыңғайлы инвес­ти­ция­лық алаң. Осы облыстан Қытай, Еу­ропа мен Ресей нарығына шы­­ғудың тиімді тұсы көп», – де­ген еді инвестор Мунип Нур­доғ­ду.

Бірақ содан кейін де екі жыл­дан астам уақыт өт­ті. Әзірге Атырауда күкірт бе­то­нитін өндіретін зауыт салу мәсе­ле­сі талқылау деңгейінде ғана қа­лып отыр. Қазір түйіршік­тел­ген күкіртті тасымалдаумен ай­на­лысып отырған «Трэйд Ойл Ре­сурс» ЖШС қаржы директоры Жайық Омаровтың күкірттерді үлкен қиындықтармен жөнелтіп отыр­ғаны туралы айтқан сөзін кел­тірдік. Атырауда бір АМӨЗ емес, бірнеше мұнай ком­па­ния­сы­ның кен орындарын игеріп отыр­ғанын ескерсек, әлі қанша кү­кірт қорының ашық немесе жа­сырын күйде сақталып тұр­ғанын дөп басып айту оңай емес. Тіп­ті, ең алпауыт деген «Теңіз­шев­ройл» компаниясының өзі ашық тұрған күкірттен жылдап оты­рып әрең құтылған болатын. Эко­логиялық ахуалы онсыз да оңып тұрмаған Атырау облы­сын­да күкіртті түпкілікті жою мә­селесінің толыққанды қашан ше­шілетіні белгісіз.

Баян ЖАНҰЗАҚ,

Атырау облысы