Ауылда шығатын өнімге сұраныс жоғары

Жетісу өңірінде ауыл шаруашылығын, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың мүмкіндігі аса мол. Қазір осы салаларда жеке ісін ашып, табыс табатындар қатары көбейе түскен.

Сонымен бірге жергілікті кәсіпкерлер тарапынан өздері тұратын жерлерде өндірілген өнімдерді алысқа арбаламай, сол өскен, өнген жерінде өңдеп, тұтынуға дайын дүниеге айналдыруға қатысты талпыныстар артқан. 

Осы орайда басты мақсаты – жергілікті ауылдық жер­­лер­дегі ресурстардан тауар өн­діру­ге негізделіп, еліміз бойынша қол­­ға алынған «Бір ауыл – бір өнім» жобасы Жетісу облысында өзі­нің тиімділігін көрсетіп отыр­ға­нын айта кеткен жөн. Былтыр атал­ған жоба аясындағы облыстық көрмеде үш адам жеңімпаз атанса, биыл­ғы көрмеде тоғыз жетісулық кә­сіпкер үздік болып танылыпты. Олар­дың арасында өздері тұратын  ауыл­да сабын және косметика шы­ғарып, азық-түлік өндірісін қа­лыптастырған, ағаш, гипс, киіз тә­різді түрлі материалдан бұйым­дар жасауды жолға қойғандар бар. 

Соңғы екі жылда «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпазы атан­ған он екі адамның  үшеуі – Сарқан ауданының кәсіпкерлері. Олардың бірі – сабын өндірісімен ай­налысатын Юлия Фисюкова бол­са, екіншісі – жеміс-жидек өсіру мен өңдеуді қолға алған Свет­­­­лана Мұқашева. Ал Эльмира Ақ­панова қазақтың дәстүрлі қо­лөнері мен этнодизайн бағытында тер төгіп келеді. Осы жоғарыда атал­ған үш кәсіпкер де облыстық дең­гейде жеңімпаз атанып, грант­тар­ға ие болғандар қатарынан кө­рін­ді.

Қойлық ауылының тұрғыны Свет­лана Мұқашева 33 жыл бойы сау­да саласында жұмыс істеген,  кейін­нен бау-бақшамен  айналы­сып, он жылдан астам жеміс-жи­дек дақылдарын өсіріп, өңдеп, тұ­тынушыларға табиғи өнімдер ұсы­нып келеді. Сұранысқа ие түр­лі  дақылды отырғызу мен күтуден бас­тап, оларды өңдеуге және түп­кілікті өнімді сатуға дейінгі өн­діріс­тің толық цикліне қалыптас­тыр­ған іскер жан. 

Алғашында барлық шаруаны жал­ғыз атқарған  оған кейін отба­сы мүшелері көмекке жұмылған. От­басылық бизнес тұрақты табыс әке­ле бастағанда, жұмысшылар алу­ды жөн көрген. Бүгінде «Мұқа­шева» жеке кәсіпкерлігінде 3 адам ең­бек етеді, ал жұмыс ауқымы ар­­­­татын маусымдық кезеңде жұ­мыс­шылар саны 20-25 дамға дейін же­теді. Кәсіпкер алдағы кезде қол жұ­­­­мысын механикаландырып, цех ашып, 10 гектар алма бағы, 1 гек­тар таң­қурай мен қара­қат­тан алы­на­тын жеміс-жидекті өң­деу же­лі­сін іске қосуды жоспарлап отыр. 

Қойлықтың тағы бір тұрғыны Юлия Фисюкованың негізгі ма­ман­дығы фармацевт, қазір  сабын ша­ғарады. Бұл кәсіппен алға­шын­да хобби ретінде айналысқан ол кейін­гі 5 жылда  осы кәсібінен нә­сіп көріп келеді. Өйткені оның са­бынына  сұраныс жоғары. Өнімі сан алуан: сыйлыққа лайықталған са­бын, эксклюзивті сабын, шөп­тен жасалған сабын деп жалғаса береді.

2015 жылы құрылған Сарқан ау­­­­данының іскер әйелдер кеңесі бү­гінде 40-қа жуық мүшені бірік­ті­ріп отыр. Оның ішінде, 20-дан ас­там белсенді кәсіпкер өз ісін сәт­ті жүргізіп келеді. Кеңестің не­гізгі мақсаты – әйелдердің жаңа биз­нес бастамаларын қолдау, олар­дың қаржылық сауаттылығын арт­тыру, бухгалтерлік есеп-қи­сап­ты жүргізу дағдыларын дамыту жә­не жеңілдетілген несиелер мен грант­тарға қолжетімділікті қам­та­масыз ету, –деген Сарқан ауданы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Кенжетай Тазабекова әйелдердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау ар­қылы олардың экономикалық бел­сенділігін арттырудың маңызы мен отбасылық кәсіптің бала­лар­ды еңбекке тәрбиелеудегі рөліне ерекше мән берілетінін айтады.  

Жалпы, 2023-2024-жыл­да­ры «Бір ауыл – бір өнім» жо­басына жетісулық 70-тен астам кәсіпкер қатысыпты. Соның 20-сы жартылай финалға өтсе, 12-сі жеңімпаз атанған. Оларға кә­сіп­керлікті дамытуға арналған 5 млн тең­гелік гранттың конкурсына қа­тысуға, түрлі республикалық жә­не халықаралық көрмелерге қа­тысуға мүмкіндіктер жасалған. Со­нымен бірге  тауарларын бренд­теу, сатылымын ілгерілету бойын­ша көмек көрсетіледі.

Болат АБАҒАН,

Алматы облысы