Қысқа бағдарламадан кейін Шайдоров екінші орынға тұрақтап, нәтижесінде сол орынды сақтап қалды.
Қазақстан спортшысы мәнерлеп сырғанаудан Қытайда күміс медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК
621
оқылды

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Қытайдың Чунцин қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қысқа бағдарламадан кейін Шайдоров екінші орынға тұрақтап, нәтижесінде сол орынды сақтап қалды.

Еркін бағдарламадағы өнері үшін қазақстандық спортшы 182,96 ұпай жинады. Жалпы есеп 276,17 ұпай болып, ол жарысты күміс медальмен аяқтады.

Бірінші орынды жапондық Сюн Сато 278,48 ұпаймен жеңіп алды. Үздік үштікті француз Адам Сяо Хим Фа 252,53 ұпаймен түйіндеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.