Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Қамшыбек Қоңқабаевтың Таиландта өтетін Азия чемпионатына неліктен қатыса алмайтынын айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz.
“Қамшыбек Қоңқабаевтың гаймориті асқынған. Сондықтан ол оқу-жаттығу жиынына және алдағы Азия чемпионатына қатыса алмайтын болды», - деді ол.
Бокстан 2024 жылғы Азия чемпионаты Чиангмайда (Таиланд) 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді. Бастапқыда чемпионат Амман (Иордания) өтуі тиіс еді, кейін қауіпсіздікке байланысты турнир кейінге шегерілді.