Қазақстандық спортшылар Гонконг пен Италияны жеңіп, жартылай финалда Жапонияға жол берді. Қола медаль үшін тартыста Қазақстан құрамасы Франциядан басым түсті. Алтын медальды Жапонияны финалда жеңген Венгрия құрамасы иеленді.
Айта кетейік, семсершілер (Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов) үшінші орынға таласта Францияны (35:34) ұтып, сапы жаттығуы бойынша қола жүлдеге қол жеткізді.