Ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін өмірді сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі – донорлық ағзаларды трансплантаттау.
Астаналық дәрігерлер алғаш рет жасқа толмаған сәбилердің бауырын ауыстырды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
270
оқылды

Астаналық дәрігерлер алғаш рет 8 және 12 айлық салмағы төмен екі кішкентай пациенттерге туысқан донорлардан бауырды ауыстырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мұндай операциялардың ерекшелігі өте ауыр тұрақсыз жағдайдағы бауырдың декомпенсацияланған жеткіліксіздігі. Салмағы аз пациенттерге бауырды трансплантаттау Ұлттық балалар денсаулығы және даму орталығынан (Жапония) жетекші трансплантолог-хирург пен реаниматологты шақыра отырып, мастер-класс шеңберінде жүргізілді.

Мастер-класс барысында "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қолдауымен 25-тен астам медицина маманы мен резидент оқытылды.

Ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін өмірді сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі – донорлық ағзаларды трансплантаттау. Республикалық трансплантаттауды үйлестіру орталығының мәліметінше, 2012 жылдан бастап ҚР-да 500-ден астам бауырдың трансплантаттауы, оның ішінде "University Medical Center" КҚ Ана мен бала орталығында балаларға 20 бауырды трансплантаттау жүргізілген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық донорлық пен трансплантаттау обсерваториясының жұмыс деректеріне сәйкес жиілігі бойынша әлемде 2-ші орында бола отырып, дүниежүзінде жыл сайын 100 800 ауыстырып салу, оның ішінде 10 600 бауырды ауыстырып салу жүзеге асырылады.

Бауыр ауруы жыл сайын екі миллион өлімнің себебі және барлық өлімнің 4%-ының себебі болып отыр (әлемдегі әрбір 25 өлімнің 1-і).