Бокстан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Жарыс Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Чемпионат басталмай жатып, Қазақстан құрамасы кемі 5 медальді еншілеп отыр.
Нақтырақ айтсақ, Бекзад Нұрдәулетов пен Айбек Оралбай, сондай-ақ Наталья Богданова, Диана Мағауияева және Гүлсая Ержан жарысты жартылай финалдан бастайды. Олар кемінде қола медаль алады.
Ерлер арасында қазақстандық боксшылардың қарсыластары:
48 кг: Санжар Тәшкенбай – Мехрон Шафиев (Тәжікстан)/Анваржан Ходжиев (Қырғызстан);
51 кг: Сәкен Бибосынов – Асилбек Джалилов (Өзбекстан)/Даваадорж Лхагвадорж (Моңғолия);
54 кг: Махмұд Сабырхан – Ян-Лин Лай (Қытайлық Тайбэй);
57 кг: Оразбек Асылқұлов – Мохамад Зулхайлане (Малайзия);
60 кг: Бейбарыс Жексен – Дильшод Абдумуродов (Өзбекстан);
63,5 кг: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Сомчай Вонгсуван (Таиланд);
67 кг: Дулат Бекбауов – Цюань Ван Цзя Цзюнь (Қытайлық Тайбэй);
71 кг: Абылайхан Жүсіпов – Лин Ча Син (Қытайлық Тайбэй)/Байрамдурды Нурмухаммедов (Түрікменстан);
75 кг: Диас Молжігітов – Дайго Сунага (Жапония);
80 кг: Ерасыл Жақпеков – Сағын Сатыбалды уулу (Қырғызстан);
86 кг: Бекзат Нұрдәулетов – Даниил Жасан (Украина);
92 кг: Сағындық Тоғамбай – Мадияр Саидрахимов (Өзбекстан);
+92 кг: Айбек Оралбай – Жахонгир Зокиров (Өзбекстан).
Әйелдер арасында қазақстандық боксшылардың қарсыластары:
48 кг: Әйгерім Сәттібаева – Офелия Магно (Филиппины);
50 кг: Алуа Балқыбекова – Раксат Чутхамат (Таиланд);
52 кг: Жазира Орақбаева – Луо Ю-Тин (Қытайлық Тайбэй);
54 кг: Сымбат Әлиасқар – Сю Вэньцань (Қытай);
57 кг: Ұлжан Сәрсенбек – Карина Вовк (Украина);
60 кг: Виктория Графеева – Е Чен Сюань (Қытайлық Тайбэй);
63 кг: Аида Әбікеева – Дильфуза Бекова (Өзбекстан);
66 кг: Милана Сафронова – Ли Мин (Қытайлық Тайбэй);
70 кг: Наталья Богданова – Анастасия Черноколенко (Украина);
75 кг: Диана Мағауияева – Лу Дьем Кьюн (Вьетнам)/Ван Юань (Қытай);
81 кг: Гүлсая Ержан – Сохиба Рузметова (Өзбекстан);
+81 кг: Елдана Талипова – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)/Мария Ловчинская (Украина).