Қарағандылық «Шах­тер» биылғы сәт­сіз маусымнан ке­йін ойыншылар құра­мын ғана емес, бапкерлік штабты да күшей­тіп жатыр.
«Шахтерді» чех футболшысы жаттықтырады
295
оқылды

Кеншілер клубын енді Чехияның әйгілі футболшысы Иржи Ярошек жат­тық­тыра­ды. Бұл туралы «Шах­тердің» прези­денті Талғат Дүйсеков мә­лім­деді.

Еске салайық, биыл «Шахтер» ҚПЛ-де соңғы 13-орын алып, тарихында алғаш рет Бірінші лигаға төмендеді. Осыдан кейін Қарағанды облысының әкімі клубтың басшысын ауыстырып, спорттық ұжымға жаңа міндет жүктеген болатын.

Иржи Ярошик – кәсіби футболшы, ол Англияның («Челси» құрамында), Шот­лан­дияның («Селтик» құрамында), Чехия­ның («Спарта» құрамында), Ресейдің (ЦСКА құрамында) чемпионы болған, испандық Примерада үздік ойын көрсет­кен («Сарагоса» мен «Алавес» құрамында). Жоғары дивизиялық еуропалық чемпио­наттарда кәсіби клубтарды жаттықтыруға құқық беретін UEFA PRO лицензиясы бар. «Шахтерге» келгенге дейін Чехия, Сло­ва­кия, Словения мен Ресей клубтарында жаттық­тырушы болған.

Чех маманынан бөлек, бапкерлік штаб­қа Петар Алексеевич пен Джозеф Муха да қосылды. Ал бұған дейін жұмыс істеп кел­ген Қарағанды футболының аңызы Андрей Финонченко жаңа командамен бірге жұ­мысын жалғастырады.