Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен бірге Португалия Республикасына сапар жасаудың реті келді. Делегация құрамында сенаторлар Сұлтанбек Мәкежанов, Жанна Асанова, Закиржан Кузиев бар. Жол ұзақ. Жолай Ыстанбұл арқылы аялдап, одан ары тура ұшқанның өзінде он бір сағат уақыт кетеді екен. Қазақ «жердің бір шеті» дейтін еді... Тап солай екен. Лиссабон қаласы, біз тоқтаған Кашкайш қалашығы да жердің қиыр шетіндегі соңғы нүктеде орналасқан. Ар жағы – Атлант мұхиты.
Өркениеттер альянсы: өзегі тең, өрісі кең
309
оқылды

Португал Республикасының тер­­риториясы – 88,889 шаршы ша­­­қырым. Бұл аумаққа Мадейра жә­­не Азор аралдары тиісінше (741 ш. ша­қырым және 92,2 мың ш. ша­­қы­­рым) қоса кіреді. Астанасы – Лис­­са­бон. Халқының саны – 10,63 млн адам. Пор­тугалдық­­­­­тардың ба­сым бө­­­лігі Бразилия, Франция, Ве­не­суэ­ла, Канада, Германия, Ис­пания, Люксембург және Қы­тай­да көбірек шоғырланған. Елдің 80 пайызы католик дінін ұстанады. Ев­рейлер мен мұсылмандар 0,6 пайыз­ды құрайды.

Португалия 18 округтен, яғни дишт­рит деп аталатын аймақтар мен 308 муниципалды ауданнан тұ­рады. Азор және Мадейра арал­да­ры – өзіндік саяси-әкімшілік және шаруашылық дербестігі бар ав­тономды аймақтар. Бұл екі арал­дың салық жүйесі де бөлек. Әй­­­­гілі Криштиан Роналду Мадей­ра аралында дүниеге келген.

Парламенттік-президенттік рес­публика санатындағы Пор­ту­га­­­­лияда Мемлекет басшысы – Пре­зидент бес жылға сайланады, со­нымен бірге ол Жоғары бас қол­басшы ретінде саналады. Пре­зи­дент Премьер-министрді та­ғайын­­дайды және Парламентті та­рату құқығына ие. 2021 жылғы сайлауда ел Президенті болып со­циал-демократ Марседу Ребелу де Соуза сайланған. Заң шығару би­лігі бірпалаталы Парламентке – Рес­публика Ассамблеясына тие­сілі. Парламент депутаттары пар­­­­тиялық тізіммен 4 жылға сайланады. Атқарушы билікті Премьер-ми­нистр басқаратын Министрлер ка­бинеті жүзеге асырады. Премьер лауа­зымына сайлауда жеңіске жет­­­кен саяси партия лидері та­ғайын­далады.

Ұшақтан түскен бетте біздің Тө­ра­ға палата Спикері Португалия Ас­самблеясының Төрағасы Жозе Педро Агиар-Бранкумен кездесті. Мәу­лен Сағатханұлы бірден ағыл­шын тілінде Ассамблея Төраға­сы­мен емен-жарқын сөйлесті. Екі ел ын­тымақтастығының өзекті мә­се­лелері жөнінде өте мәнді әңгіме өр­біді. Парламентаралық байла­ныс екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңызды те­тігі екенін айтты. 

Былтыр БҰҰ Бас Ассамб­лея­сы­ның сессиясында Қазақстан Пре­зиденті Қасым-Жомарт То­қаев пен Португалия Президен­ті Мар­се­ло Ребело де Соузаның кездесіп, өзара ынтымақтастықты нығайту ту­ралы сөйлескен еді. Бұл жолғы кез­десу де екі елдің басшылары бел­гілеп берген бағыттарды одан әрі тереңдете түсуге ықпал етері анық. Осы ретте Парламентаралық Одақ және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы сияқты халықаралық парламенттік ұйымдар аясында да жүйелі жұмыс жүргізуге дайын еке­нін жеткізді.

– Парламентаралық ынты­мақ­­­­тастық – Қазақстан мен По­р­ту­­­галия арасындағы екіжақты қа­рым-қатынастың ажырамас бір бөл­шегі. Сондықтан достық топ­та­рына мүше депутаттардың өзара сапарларын ұйымдастыру және Се­нат пен Ассамблеяның салалық ко­митеттері арасында байланыс ор­нату айрықша мәнге ие. Мұндай қадам парламентаралық ынты­мақ­тас­тықтың дамуына айтарлықтай үлес қосады. Осы орайда біз Пор­ту­га­лияның заң шығару қызметіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуды құқықтық тұрғыдан қолдау және пар­ламенттік бақылауды қамтама­сыз ету бағыттарындағы тәжі­ри­бе­сі­не қызығушылық танытамыз. Сон­дай-ақ португалиялық әріптес­те­р­імізбен Парламентаралық Одақ жә­не ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамб­лея­сы сияқты халықаралық парла­мент­тік ұйымдар аясында ынты­мақ­тастықты нығайтуға мүдделіміз. Бү­гінгі кездесу Қазақстан Пар­ла­мен­ті мен Португалия Ассамблеясы ара­сындағы байланыстарды одан әрі дамытуға тың серпін береді деп се­немін, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат Төрағасы сөз арасында Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қа­зақ­станда саяси және әлеуметтік-эко­но­микалық салаларда жүргізіліп жат­қан кешенді өзгерістер жөнінде жә­не Конституциямызға түзетулер ен­гізу жөніндегі референдумның қо­рытындылары, Парламент және мәс­лихаттар сайлауының нәти­же­лері туралы толық ақпарат берді.

Екі ел арасындағы сауда-эко­­но­ми­калық және мәдени-гумани­тар­лық байланысты кеңейту мәселелері на­­зардан тыс қалмады. Әсіресе, «жа­­сыл» экономика, инфра­құры­лым, көлік және логистика, ауыл шаруа­шылығы, ғылыми-техно­ло­гия­лық қызмет сияқты салаларда бір­­лескен жобаларды іске асыру жө­­нінде ұсыныстар ортаға салынды. Сон­дай-ақ тараптар білім беру, ту­ризм және цифрландыру бағыт­та­рын­­дағы серіктестікті одан әрі кеңей­­туге қатысты пікір алмасты.

«Португалия жасыл энергетика бойын­­ша Еуропа елдері арасында көш­­басшы екені белгілі. Біз сіз­дер­дің жаңартылатын энергия көз­де­ріне қатысты тәжірибелеріңізге ерек­ше қызығушылық танытып отыр­мыз. Қазақстан Метан жөнін­де­гі жаһандық келісімге қосылды. Сон­дай-ақ 2060 жылға қарай кө­мір­тегі бейтараптығына қол жеткізуді көздеп отыр. Португалия бұл межеге 2045 жылға қарай жетуді мақсат тұ­тып отырғанын білеміз. Біздер үшін осы саладағы заңнамалық тә­жі­­­­ри­белеріңіздің маңызы зор. Алдағы уа­қытта екі ел де басымдық беріп отыр­ған аталған бағытта нәтижелі ын­тымақтастық орнатамыз деп үміт­тенеміз», – деді Мәулен Әшім­баев.

Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәс­түрлі діндер лидерлері съезі Хат­шы­лығының басшысы Мәулен Әшім­­баев Португалия Респуб­ли­ка­сы­на сапары аясында БҰҰ Өр­ке­ниет­тер альянсының 10-шы Жаһан­дық форумына қатысты. Іс-шара барысында адамзатты алаңдатқан өзек­ті проблемалар және оларды ең­серу жолдарын жетілдіру мәсе­ле­лері талқыланды. Сондай-ақ палата Спикері Форум алаңында БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришпен кез­десті. Онда тараптар Қазақ­стан­ның БҰҰ-мен жан-жақты ын­ты­мақ­тастығының басым бағыттарына на­зар аударды және Орнықты даму мақ­саттарына қол жеткізу жолын­да­ғы проблемалар мен қазіргі таңда­ғы өзекті сын-қатерлерді талқыла­ды.

«Қазақстан БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуде әлемдік қоғамдастықтың қалып ке­ле жатқанына алаңдаушылық біл­діре­ді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Орнықты даму мақ­сат­тарына қол жеткізу – біздің ұлт­тық басымдығымыз. Соңғы он­жыл­дықтағы айтарлықтай жетістіктерге қа­рамастан, жаһандық сын-қа­тер­лер даму қарқынының баяулауына әке­ліп соқты. Сондықтан алдағы онжылдықта маңызды нәтижелерге қол жеткізу үшін бірлесіп, шешуші қадам жасаудың мәні зор. Бүгінде Қазақстанда даму мақсаттарына сай бас­тамалар белсенді түрде іске асы­ры­лып келеді. Әсіресе, білім беру, денсаулық сақтау және экологиялық тұрақтылық салаларындағы игі іс­тер­ді айрықша атап өткен жөн. Осы ба­ғытта тәжірибе, білім және ре­сурс­тар алмасу арқылы біз барынша әді­летті әрі дамыған әлем қалып­тас­тыру жолында бірлесіп нәтижелі жұ­мыс істейміз деп сенеміз», – деп, Се­нат Төрағасы ОДМ-ның іске асы­­рылуына мониторинг жүргізу жә­не басқа да бағыттар бойынша Пар­ламенттің қызметі жөнінде айт­ты.

Мәулен Әшімбаев Антонио Гутер­ришке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Ас­та­нада өтетін «Діндер диалогы: бола­шақ жолындағы синергия» атты Әлем­дік және дәстүрлі діндер ли­дер­лерінің VIII съезіне шақыруды та­быс етті.

Өз кезегінде БҰҰ Бас хатшысы Мем­лекет басшысының орнықты даму бойынша жүргізіп келе жатқан саясатын жоғары бағалап, Қазақ­стан­ның жаһандық деңгейде бейбіт­ші­лік пен тұрақтылықты қамтама­сыз етуді көздейтін бастамаларын одан әрі қолдауға дайын екенін білдірді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Өр­кениеттер Альянсы деген ұйымы бар. Мұны құру туралы алғаш бас­та­ма жасаған Испания Премьер-ми­нистрі Хосе Луисом Родригесом Сапатеро болатын. Ол 2005 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 59-шы сес­­­­сиясында осындай ұсыныс жа­саған еді. Оны сол кездегі Түркия Пре­мьер-министрі Тайып Эрдоған қол­даған болатын.

2005 жылы БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан Өркениеттер Альян-сын құр­у туралы ресми түрде мәлім-деді. Бас­таманың өзегі – ұлтаралық, мә­дениет пен дінаралық диалог ар­қы­лы экстремизмге қарсы халық­ара­лық әрекетті күшейту. Альянс батыс пен ислам әлемі арасындағы те­ке­ті­ресті азайтуға барынша назар ау­дарады. 

Өркениеттер Альянсының же­тек­шісі БҰҰ Бас хатшысының орын­­басары дәрежесінде. Бұл Альянс та өз қызметін Нью-Йорктан жүргізеді. Альянс жаһандық әріптестер жүйе­сіне, оның ішінде халықаралық жә­не өңірлік ұйымдардың, азамат­тық қауымдастық топтары, қорлар мен жеке сектордың түрлі ұлттар мен қауымдастықтар арасындағы мәдениетаралық байланыстарын жақсартуға бағыт ұстайды.

2007 жылғы сәуір айында БҰҰ Бас хатшысы Португалияның бұ­рын­ғы президенті Ж.Сампайоны Өр­кениеттер Альянсы жөніндегі Жо­ғарғы өкіл етіп тағайындайды. 2012 жылы оның орнын БҰҰ Бас Ас­самб­леясы 66-шы сессиясының тө­рағасы, Катар мемлекетінің өкілі На­сир Абдулазиз аль-Насер ал­мас­тыр­ды. 2019 жылдың қаңтарынан бұл қызметті Испанияның бұрынғы сырт­қы істер министрі Мигель Ан­хель Моратинос атқарып келеді.

БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Ко­фи Аннан Жоғары деңгейдегі Топ құ­рып, оның құрамына 20 ірі саясат, бі­лім беру, азаматтық қоғам, дін жә­не БАҚ өкілдерін енгізді. Солардың ара­сында Иранның бұрынғы пре­зи­денті Мохаммад Хатами, Оңтүстік Аф­рика Республикасынан Нобель сый­лығының лауреаты, архие­пис­коп Десмонд Туту, профессор Пань Гуан, Артур Шнайдер тәрізді таны­мал тұлғалар бар еді.

Сонымен қатар Альянс дос­та­ры­ның Тобы да құрылды. Оның құ­рамында 160 мүше бар. 131 мем­лекет пен 29 халықаралық ұйымның ба­сын құрайтын осы Топта Қазақ­стан­нан басқа Әзербайжан, Бела­русь, Грузия, Ресей, Украина, Өз­бек­­стан және Балтық елдері де бар.

Қазақстан делегациясы Альянс­тың Достар тобы кездесулеріне үз­бей қатысып келеді. Өркениеттер Альян­сы өткізетін форумдардан қол үзген емес. Ұлттық координаторлар есе­­бінде Берік Арын, Марат Әзіл­ха­нов сияқты азаматтар мәртебелі жиын­­дарға қатысып жүрді.

Өркениеттер Альянсы мен Әлем­дік және дәстүрлі діндер ли­дер­лерінің съезі арасында да тығыз бай­ланыс орныққан. 2016 жылғы 11 мау­сымда Астанада өткен 5-ші съез­де Альянс делегациясын Жоғары өкіл бастап келген болатын. 

Съезд хатшылығы Секре­та­риа­тының барлық отырысына Альянс өкіл­дері қатыстып келеді. Альянс­тың департамент директоры Мэтью Ходс та талай жиынның бел орта­сын­да болған. Ол 2016 жылы 31 ма­мырда Қазақстан Респуб­ли­к­а­сы­ның Сенаты өткізген «Діндер тер­ро­ризмге қарсы» халықаралық кон­ференция жұмысына да белсене қа­­тысқан болатын. 

2022 жылғы қыркүйек айында Ас­тана өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер 7-ші съезіне Өркениеттер Альян­сының Жоғары өкілі Мигель Ан­хель Моратинос арнайы келіп қа­тысқан.

2006 жылы Жоғары деңгейлі Топ өз баяндамасында бес бірдей басым ба­ғытты атап көрсеткен болатын. Бұл – білім беру, жастар, миграция, Бұқаралық ақпарат құралдары және әйелдер.

Альянстың бірінші форумы 2008 жылы 15-16 қаңтарда Испания аста­насы Мадридте өткізілді. Екінші фо­рум 2009 жылы 6-7 сәуірде Түр­кия астанасы Ыстанбұлда өткен еді. Он жылдың ішінде бұл алаңда қан­ша­ма лидер бас қосты десеңізші!

Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Жаһан­дық форумға қатысушыларға ілтипат білдіріп, бүкіл адамзаттың игілігі үшін халықтар, мәдениеттер және діндер арасындағы диалогты іл­герілету жолында Альянстың мис­сиясы айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Қазақстан мен БҰҰ Өрке­ниет­тер альянсының талай жылдан бер­гі серіктестігі нәтижесін де жоға­ры бағалады. Сондай-ақ ол Ұйым­ның білім беру, жастарды дамыту, кө­ші-қон, әйелдердің рөлі және БАҚ мәселелеріне қатысты халық­ара­лық түйткілдерді шешуге арнал­ған игілікті істеріне назар аударды. Бей­­­бітшілік пен қауіпсіздікті арт­ты­ру үшін халықтарды ортақ мақ­сат­­қа жұмылдыру жолындағы жетіс­тік­тер де сөз болды.

Сонымен қатар Сенат Спикері адам­­заттың дамуы жолында бейбіт­ші­лік пен толеранттылық идея­ла­рын ілгерілету үшін Қазақстанның ха­­­лықаралық аренада белсенді қол­данып келе жатқан тәсілдеріне тоқ­талды. Сондай-ақ Әлемдік және дәс­­­түрлі діндер лидерлерінің съезі мәдениетаралық және дінаралық диалог пен ынтымақтастықты да­мы­­туға арналған жаһандық іске елі­міздің қосқан үлесі екені ай­тыл­ды. Бұл бастама БҰҰ Өркениеттер альян­сы­ның мақсаттарымен үндес жә­не олар­дың миссиясы мен ба­сым­дықтары да ортақ екенін атап өткен жөн.

– Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әлем­ге бейбітшілік жолындағы жаңа жаһандық қозғалыс қажет еке­нін айтты. Шын мәнінде, халық­ара­лық қауіпсіздіктің қазіргі жүйесі бү­гінгі қалыптасқан ахуалға жет­кі­лік­ті деңгейде сай келмейді. Мұндай жағ­дайда бейбітшілікті, келісім мен өзара сенімді нығайтуға арналған ді­ни, саяси және қоғамдық көшбас­шы­лардың бірлескен күш-жігері ерек­ше өзекті екені анық. Осы орай­да Өркениеттер альянсының Жаһан­дық форумы аталған бағытты тағы бір пысықтап, идеялар алма­су­ға, бейбітшілік, диалог және келі­сім­ді ілгерілету тәсілдерін талқы­лау­ға мүмкіндік береді. Бұл Форум қа­­­­­зір­гі таңда халықаралық қоғам­дас­­­тықтың алдында тұрған іргелі проб­лемаларды шешу жолында да күш бірік­тіруге оң септігін тигізеді деп се­немін, – деді Мәулен Сағатхан­ұлы.

Сапар барысында Мәулен Әшім­баев БҰҰ Өркениеттер альян­сының Жоғары өкілі Мигель Анхель Мора­тиноспен, Мұсылман ақсақалдар кеңе­сінің Бас хатшысы Мохаммед Аб­дельсаламмен және ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Сұлтан Раевпен кез­­десті. Онда Әлемдік және дәс­түр­­лі діндер лидерлерінің VIII съезі­нің күн тәртібі және өзара ынтымақ­тас­­тықты нығайту мәселелері тал­­­­қыланды.

Жаһандық форумның екінші кү­ні Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хат­шы­лығының басшысы Мәулен Әшімбаев діни нысандарды қорғау мәселелеріне ерекше назар аударды. Оның ішінде, киелі діни нысандар адамзаттың менталитетін, этика­сын, өткенін тануға қажетті маңыз­ды рухани және тарихи-мәдени мұ­ра екенін қадап айтты. Мұндай мұра­лар ұлттық және өркениеттік код­ты сақтауға ықпал етеді. 

Бұл ретте БҰҰ-ның діни рәміз­дер­ді қорлауды айыптайтын қарары ту­ралы сөз болғанын атап өткен жөн. Қазақстан 2023 жылы БҰҰ-ға мү­ше басқа 47 елмен бірге аталған құ­жаттың тең авторы болды. Қа­рар­да діні немесе наным-сеніміне бай­ланысты адамдарға қарсы зорлық-зом­былықтың, сондай-ақ діни рә­­­міздерге, қасиетті кітаптарға, мә­дени орталықтар мен ғибадат орын­дарына нұқсан келтіретін кез кел­ген әрекеттің айыпталатыны тура­лы айтылған.

«Болашақ ұрпақ үшін қолы­мыз­да­ғы баға жетпес құнды жәдігерлерді сақ­тау аса маңызды. Осы орайда бү­гін­гі конференция аталған жаһан­дық мақсатқа жету жолындағы маңыз­ды қадам екені анық. Қазақ­стан БҰҰ Бас Ассамблеясының кон­­­­­фессияаралық диалогқа ықпал ету, діни рәміздерді қорлауды айып­тау туралы қарарын және БҰҰ-ның 2023 жылғы Діни нысандарды қор­ғау жөніндегі іс-қимыл жоспарын қол­дайды. Біздің еліміз аталған маңыз­­ды құжаттарды әзірлеуге бел­сен­ді қатысты. Халықаралық қауым­­­дастық онда көрсетілген қағи­дат­тар­ды ұстануы керек. Қазақстан Пре­­­­­зиденті Қасым-Жомарт Кемел­ұлы Тоқаев осы мәселеге үнемі баса мән беріп келеді», – деді Мәулен Әшім­баев. Осы тұрғыдан келгенде, азаматтық қоғамның, дін көш­бас­шы­ларының және әлемдік қоғам­дас­тықтың күш-жігерін ортақ іске жұ­мылдыру маңызды. Сондай-ақ қа­зіргі сын-қатерлерді еңсеру, ха­лық­тар, мәдениеттер мен діндер ара­сында диалог қалыптастыру, өңір­лік қақтығыстарды, діни жан­жал­дар мен этносаралық алауыз­дық­ты тудыратын, діни нысандарды қор­лауға үндейтін рухани тоқырау­ды болдырмау үшін қажетті кешенді тәсілдерге де назар аударды.

«Экстремизм актілері мен ді­н-а­ра­лық шиеленістер көбінесе ала­лауд­ың салдарынан және диалогтың бол­мауынан туындайды. Бұл фак­тор­лар ықтимал қақтығыстарды одан әрі арттыра түседі. Алайда осын­дай конференция сияқты жаһан­дық диалогтар өзара түсіністік пен сенімге ықпал ете алады. Бүгін­де зардап шеккен діни нысандарды қал­пына келтіру ісінде қаржы тап­шы­лығы маңызды проблема болып отыр. Өйткені бұл жұмыс көбіне қым­бат және техникалық жағынан күр­делі екені белгілі. Осыған бай­ла­нысты халықаралық деңгейде қар­жы­лай қолдаудың маңызы зор. Жал­пы, мемлекеттер алдын алу ша­ра­ларын әзірлеу жолында бір-бірі­мен, ЮНЕСКО-мен, БҰҰ-ның Тер­роризмге қарсы басқармасымен жә­не басқа да ұйымдармен тығыз ын­тымақтастық орнатуы қажет деп есеп­тейміз», – дей келіп, Мәулен Сағат­ханұлы Қазақстанның рухани дип­ломатияны ілгерілету, елдегі кон­фессияаралық бейбітшілік пен бір­лікті сақтау, діни нысандарды қор­ғау жолында атқарып келе жат­қан жұмыстарына және Парл­амент­тің осы бағыттағы заң шығару қыз­ме­тіне тоқталды.

– Қазақстанда 100-ден астам эт­­­никалық топ тұрады және 18 кон­фессияның 4 000-ға жуық діни бір­лестігі бар. Сондай-ақ елде ме­шіт­тер, православие, католик, про­­­тес­тант шір­кеулері, синагогалар, бахаи мен криш­найттердің ғибадат үйлері жә­не Будда храмдары сияқты 4 000-ға жуық діни нысан қызмет көрсетеді. Біз осындай әралуандықты бағалай­мыз және діни нысандарды қорғау үшін құқықтық базамызды үнемі же­тілдіріп отырамыз. Сонымен қа­тар Қазақстан Әлемдік және дәс­түр­лі діндер лидерлерінің съезін өткізу ар­қылы дінаралық диалогты халық­ара­лық деңгейде белсенді түрде дә­ріптеп келеді. 2025 жылы өтетін ке­лесі съезд «Діндер диалогы: бола­шақ жолындағы синергия» тақы­ры­бы­на арналады және ол дінаралық то­леранттылық пен өзара түсініс­тік­ті одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп сенеміз», – деді.

Португалияда саяси партиялар мен ұйымдар жеткілікті. Солардың ішін­де Социал-демократиялық пар­тия 1974 жылдан бері билік тізгінін ұс­тап келеді. Оның лидері Луиш Мон­­тенегру, 80 депутаты – Парла­мент­те. Одан кейінгі ықпалды құ­ры­лым 1973 жылы құрылған – Со­циа­листік партия. Жетекшісі Педру Ну­ну Сантуш, Ассамблеяда 78 де­пу­таты бар. CNEGA – қазақша ма­ғынасы «ЖЕТЕР» деген партия 2019 жылы құрылған, оны Андре Вен­тура басқарады, парламентте 50 орын­ға ие. Сондай-ақ Либералды ини­циатива, Солшыл блок, Эко-со­циалистік партия, коммунистік жә­не экологиялық партиялар бар. 

Жоғарыда айтқанымыздай, Со­циа­листік партия Парламентте ай­тар­лықтай басымдыққа ие бол­ға­сын, бір жағынан бұрынғы Пре­мьер-министр А.Коштаның тегеу­рін­ді­лі­гі­не қарамастан былтырғы қараша айын­да Португалияда бірқатар сая­си өзгерістер болды. Елдегі кор­руп­ция өршіп, біраз министрлікте тін­ту жүргізілгесін Премьер-ми­нистр А.Кошта президент Марселу Ре­белу де Соузаның атына доғарыс­қа кететіндігі туралы өтініш берген. Бұл 2023 жылғы 7 қараша күні бол­ған жағдай. Оның өтініші дереу қа­­­­былданған. Мемлекет басшысы пар­тия жетекшілерімен және Мем­лекеттік Кеңес мүшелерімен, сон­дай-ақ Ассамблея Төрағасы А.Сил­ва, бұрынғы қаржы министрі М.Сен­тену мырзалармен кеңес өткізіп, ке­зектен тыс Парламент сайлауын 2024 жылғы 10 наурызға белгілейді. Бірақ оған дейін Парламент 2024 жылғы бюджетті бекітіп беруі керек бол­ды. Парламент Социалистік пар­тияның арқасында 2024 жылға ар­налған Мемлекеттік бюджет тура­лы заңды мақұлдайды. Бұл заңға 1 900-ден астам түзетулер енгізіл­гені­не қарамастан, соның 82-і ғана қа­был­данып, қалғандарына қарсы­лық біл­діріледі.

2023 жылдың 7 желтоқсан күні Пре­зидент Марселу Ребелу де Соуза ХІІІ Конституциялық үкіметті доға­рыс­қа жіберу туралы Жарлыққа қол қоя­ды. М.Соуза 2 миллионға жуық пор­тугалдықтың кедейшілік күйін ке­шіп, күндерін әзер көріп отыр­ға­нын айтып, мұндай жағдаймен ке­ліс­пейтіндігін мәлімдейді. 2015 жыл­дан билеп келе жатқан социа­лис­тер партиясы «бұрынғы әріп­тес­тері­нің жән оппозиция ұсынысын ес­кер­мейтінін айта келіп, елдегі жағ­­дайға толық жауапты солар» де­­ген­ді айтады.

Халықтың жағдайы күрт на­шар­лап кеткенін CNEGA-ЖЕТЕР пар­тиясының жетекшісі А.Вентура да жиі мәлімдеумен болады. Ол Пре­зидентке «саяси ерік-жігеріңді та­ныт, Парламентті тарат» деген та­лап қояды. А.Вентура бұған дейін «тарихтағы ең нашар үкімет» деп Үкіметке сенімсіздік білдіру та­лабын қойған екен, бірақ оның бұл талабын депутаттар толық жақ­тамайды. Әйтсе де, елдегі жағ­дай одан сайын нашарлап, құр­ғақ­шылық пен орман өрттері көбейіп, ұлт­тық әуетасымалдаушы ТАР жұ­мысы шығынға батып күйзеліс кү­шейе түседі.

Саяси текетірес соңы Респу­б­ли­ка Ассамблеясының биылғы жыл басында таратылуына әкеп со­ға­ды.

Кезектен тыс Парламент сай­лауы биылғы жыл басында, яғни 10 наурыз күні өтті. Сайлауға қа­ты­­­­сушылар сан жағынан рекорд­тық көрсеткішке ие болып, 6 140 289 адам дауыс береді. Сөйтіп, Со­циал-демократиялық партия жеңіс­ке жетеді. Оның жетекшісі Луиш Монтенегруді Демокра­тия­лық Альянс блогы – Халық пар­тия­сы мен Халықтық-монархия­лық партия мүшелері қолдайды. Екін­ші орынды Социалистік пар­тия алады. Үшінші нәтиже CNEGA-ЖЕТЕР партиясының ен­­шісіне бұйырады. Алайда пар­ла­мент­тегі шешуші 116 орынды алуға не Социалистік, не Со­циал-демократиялық партия қол жеткізе алмайды. Бір сөзбен айт­қанда, «әрі тарт та бері тарт» де­ген жағдай. Мұның ең жаман же­рі Үкіметтің кез келген бастама­сына қалған партиялар үнемі тос­қауыл қойып отыра алады. 2025 жыл­ға арналған Мемлекеттік бюд­жетті қабылдау да оңайға түспесі анық.

2024 жылғы 2 сәуірде жаңа Конс­­титуциялық Үкіметтің инау­гу­ра­циясы өтті. Премьер-министр лауазымына Лиуш Монтенегру та­ғайындалды. Ол қызметіне кіріс­кен бетте тұрғын үй құрылысынан бастап коррупциямен күрес, им­миг­рация, денсаулық сақтау, мем­лекеттік басқару және экономикаға қа­тысты бірқатар пакеттерді жүзе­ге асыруды ұсынды. Бірақ оның бә­рі заңдық тұрғыда толық қамта­ма­сыз етілмегендіктен, оппозиция сы­нына ұшырай бастады.

Социалистер үкіметінің саяси-әлеу­меттік шиеленісті шешуге, еу­ропалық қорлардың ақшасын тар­тып, экономиканы өрістетуге, жұ­мыссыздықты төмендетуге ба­ғытталған белсенді жұмысына қа­ра­мастан, көптеген мәселе әлі күн­ге дейін өз шешімін таппай жат­қан секілді.

Португалия үшін коррупция­ның өршуі, соның негізінде қоғам­дағы наразылықтың күшейе түсуі, халықтың нақты табысының қыс­қаруы, денсаулық пен білім беру сақ­тау жүйесіндегі дағдарыс, бас­па­наның және жалға алудың қым­баттауы, құрылыс қарқынының тө­мендеуі, жастардың елден көп­теп кетуі мен иммиграция мәсе­ле­лері өте өзекті мәселелерге айнал­ған. Португалияның элитасы ара­сын­да да бәсекелестік күшейе түскен.

Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі әлем мың құбылып тұр. Әр елдің өз мұңы бар. Әр елдің өз үміті бар. Әлем­дік қауымдастықтың бір мүшесі ретінде Қазақстан да қай кезде болса да өз үнін естірткісі келеді. Өз тарапымыздан елдің ха­лық­аралық деңгейдегі абыройы ар­та берсін дейміз.

Нұртөре ЖҮСІП,

сенатор