Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Милана Сафронова мен Аида Әбікеева Азия чемпионатының жартылай финалына өтті
851
оқылды

Қазақстандық боксшылар Милана Сафронова мен Аида Әбікеева Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Милана Сафронованың (66 келі) алғашқы кездесудегі тайпейлік қарсыласы жарыстан бас тартуына байланысты, Қазақстан боксшысы бірден жартылай финалға өтті.

Ендігі жекпе жек 7 желтоқсан күні Өзбекстан-Таиланд жұбының жеңімпазымен өтеді.

Сонымен қатар 63 келідегі Аида Әбікеева да келесі айналымға өтті. Ол өзбекстандық Дильфуза Бековамен жұдырықтасып, жеңіске жетті.