52 келідегі Жазира Орақбаева 1/4 финалда Тайпей өкілі Ю-Тинь Луомен кездесті.
Азия чемпионаты: Жазира Орақбаева қарсыласын бірінші раундта жеңді
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
301
оқылды

Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгінгі жарыс күнінде алғашқы аруымыз рингке көтерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, 52 келідегі Жазира Орақбаева 1/4 финалда Тайпей өкілі Ю-Тинь Луомен кездесті. 

Бірінші раундта-ақ отандасымыздың ауыр соққыларынан кейін, төреші қарсыласқа екі мәрте есеп ашып, жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша боксшымыз жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.